Курс Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес судья лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келетін тыңдаушыларға арналған.
Бағдарлама Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бекіткен Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады.
Онлайн-курс кәсіби білімді тереңдетуге және сот жүйесінде болашақ қызметке қажетті тәжірибелік дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Курстың ұзақтығы — 18 академиялық сағат (сабақтар аптасына 2–3 рет, сағат 16:30-дан 18:00-ге дейін өткізіледі).
Формат — онлайн.
Өтініштерді қабылдау мерзімі — 2025 жылғы 3 қазанға дейін.
Оқу аяқталған соң тыңдаушыларға Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының сертификаты беріледі.
Қатысу үшін өтініш пен тыңдаушының сауалнамасын жолдау қажет.
Курс бағдарламасымен Академияның ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://sta.edu.kz
Анықтама үшін байланыс телефондары:
+7 (7172) 71-08-49,
+7-707-958-33-45.
ҚР ЖСК Баспасөз қызметі