Конкурс комиссиясының құрамына Кеңестің тұрақты мүшелерімен қатар заңгерлік қауымдастықтың, прокуратураның өкілдері және HR-мамандар кіреді.
Астана қаласында жұмыс істейтін үміткерлер үшін сұхбат Жоғары Сот Кеңесінің ғимаратында ұйымдастырылды. Ал еліміздің басқа өңірлеріндегі үміткерлер сұхбаттан онлайн форматта өтті.
Сұхбатқа осыған дейін мұндай кезеңнен өтпеген 145 үміткер қатысты.
Бұл кезеңнің мақсаты — үміткерлердің судья жұмысы үшін қажетті кәсіби және коммуникативтік дағдыларының деңгейін анықтау.
Жеке құзыреттері мен кәсіби сапалары бойынша бағалауды Конкурс комиссиясының әрбір мүшесі жеке жүргізіп, бағалау парағына енгізеді. Осы парақтар негізінде әр үміткер бойынша сұхбат қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі.
Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың басшылығымен судьялар корпусының білікті кадрлармен уақтылы толықтырылуын қамтамасыз ететін жүйелі және ашық іріктеу механизмі жолға қойылды.
Ауызша сұхбат Жоғары Сот Кеңесі өткізетін конкурстардың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.
ҚР ЖСК Баспасөз қызметі