Жоғары Сот Кеңесінің бастамасымен Сот төрелігі академиясында Ұлыбритания сот жүйесінің өкілдері - аудандық судья, Жоғарғы Сот судьясының орынбасары Кейчел Карп және аудандық судья, қамқоршылық сотының судьясы (отставкадағы) Маргарет Глентвортпен кездесу өтті

Жоғары Сот Кеңесінің бастамасымен Сот төрелігі академиясында Ұлыбритания сот жүйесінің өкілдері - аудандық судья, Жоғарғы Сот судьясының орынбасары Кейчел Карп және аудандық судья, қамқоршылық сотының судьясы (отставкадағы) Маргарет Глентвортпен кездесу өтті

Шараға Жоғары Сот Кеңесінің, ЕҚЫҰ, Қазақстанның сот жүйесінің, адвокаттық қауымдастықтың өкілдері, Сот төрелігі академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары қатысты.⏺

Кездесу аясында халықаралық сарапшылар халықтың осал топтарының сот төрелігіне қол жетімділігі туралы тақырыпта қонақ дәріс өткізді.⏺

Дәріскерлер сот органдарына жүгінген кезде азаматтардың барлық санаттары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, Ұлыбританияның осы саладағы тәжірибесімен бөлісті.⏺

Дәріс барысында сот процесін жетілдіруде жасанды интеллектті қолдануды қоса алғанда, заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.⏺

Өз тәжірибелерімен бөліскен шетелдік сарапшылар сот төрелігіне қолжетімділік деңгейін арттыру және сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін инновациялық тәсілдерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.⏺

Кездесу тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды, бұл қызу пікірталасқа негіз болды. Кездесуге қатысушылар ең өзекті аспектілер бойынша белсенді сұрақтар қойып, шақырылған сарапшылардан толық және мазмұнды жауаптар алды.❗️

Сот төрелігі академиясы Жоғары Сот Кеңесінің қолдауымен халықаралық сарапшылардың қонақ дәрістерін өткізуді жалғастыру арқылы, білім мен үздік тәжірибелермен алмасу алаңын құрады. Бұл магистранттардың көкжиегін кеңейтіп, шетелдік тәжірибені ескеруге көмектеседі және Қазақстанның болашақ сот жүйесі өкілдерінің кәсіби деңгейін арттырады.

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі