Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысты

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысты
 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты ел Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырған форумға 150-ден астам қатысушы жиналды.🤝

Форум жұмысына конституциялық бақылау органдарының төрағалары мен судьялары, адам құқықтары жөніндегі уәкілдер, жетекші заңгер-ғалымдар мен құқық қорғаушылар, Еуропа, Азия және Африканың 15 елінен келген халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, адвокатура мен ғылыми қауымдастықтың жетекшілері қатысты.

Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов Конституцияның сот билігінің тәуелсіздігінің негізі ретіндегі маңызын атап өтіп, кәсіби судьялар корпусын қалыптастырудағы Жоғары Сот Кеңесінің рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, құқықтық институттарды нығайту мен халықаралық тәжірибе алмасу сот жүйесіне деген сенімді арттыруға және құқық үстемдігі қағидаттарын бекітуге ықпал етеді.

Форум үш тақырыптық сессияда және кәсіби әріптестікті нығайтуға, озық тәжірибемен алмасуға бағытталған арнайы нетворкинг форматындағы бөлімде жалғасты. Ол халықаралық ынтымақтастық пен конституциялық сот төрелігі саласындағы тәжірибе алмасудың маңызын тағы бір рет дәлелдеп, құқық үстемдігін нығайтуға арналған диалог пен ортақ тәсілдерді қалыптастырудың маңызды алаңы болды.

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі