Жоғары Сот Кеңесі кадрлық резервке және аудандық сот төрағалары лауазымына үміткерлерге қатысты жұртшылық пікірлерін қабылдап жатқанын еске салады.
Кеңестің ресми интернет-ресурсында жоғары тұрған және басшы судьялық лауазымдарының кадр резервіне, сондай-ақ аудандық соттар төрағаларының лауазымдарына іріктеуге қатысуға жіберілген азаматтардың тізімі жарияланған.
Пікір қабылдау мерзімдері:
🔺2025 жылғы 14 қыркүйекке дейін – жоғарғы және басшылық судьялық лауазымдарға кадрлық резервке үміткерлер бойынша (конкурс күні ретінде 2025 жылғы 18 шілде көрсетілуі қажет);
🔺2025 жылғы 16 қыркүйекке дейін – аудандық сот төрағалары лауазымына үміткерлер бойынша (конкурс күні ретінде 2025 жылғы 1 тамыз көрсетілуі қажет).
Пікірлер Кеңестің ресми интернет-ресурсында қабылданады.
Азаматтардың барлық пікірлері үміткерлерді қарау кезінде Кеңес тарапынан ескерілетін болады.