Судьяларды іріктеудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін Жоғары Сот Кеңесі азаматтарды судьялық лауазымдарға орналасуға іріктеуге қатысатын кандидаттар туралы пікірімен бөлісуге шақырады.
Пікірді Кеңестің сайтында «Конкурсқа қатысушылар туралы азаматтардың пікірлері» бөлімінде қалдыруға болады. «Конкурс күні» бағанында 01.08.2025 күнін таңдау керек. Пікірлер ағымдағы жылдың 16 қыркүйегіне дейін қабылданады. (өту)
Іріктеу барысында жұртшылықтың пікірімен қатар үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері де зерделенеді. Бұдан басқа, кандидаттар конкурстық комиссия мүшелерімен сұхбат өтеді, оған адвокатура, прокуратура өкілдері, заң қоғамдастығының өзге де өкілдері, сондай-ақ HR-мамандар кіреді.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты