Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі облыстық және оған теңестiрiлген соттарының судья лауазымдарына конкурс жариялайды (құқықтың жекелеген салаларындағы мамандар үшін)
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) 30-бабы 2-тармағына сәйкес құқықтың жекелеген салаларында мамандар болып табылатын, облыстық сот судьясының бос лауазымына орналасуға үміткер адамдар үшін жеке конкурс өткізілуі мүмкін.
Күрделі істердің санын және ондай істерді қарайтын судьялардың қажеттілігін ескере отырып, осындай салалардың тізбесін Жоғары Сот Кеңесімен бекітілді (өту).
Жоғары Сот Кеңесі келесі бос судья лауазымдарына конкурс жариялайды:
Астана қаласының сотында 1 судьяның бос лауазымына қаржы құқығы саласындағы мамандар үшін;
Алматы қалалық сотында 3 судьяның бос лауазымына корпоравтивтік, жер және салық құқығы саласындағы мамандар үшін;
Ақмола облыстық сотында 1 судьяның бос лауазымына салық және жер құқығы саласындағы мамандар үшін;
Атырау облыстық сотында 1 судьяның бос лауазымына қаржы құқығы саласындағы мамандар үшін;
Жамбыл облыстық сотында 1 судьяның бос лауазымына қаржы құқығы саласындағы мамандар үшін;
Батыс Қазақстан облыстық сотында 1 судьяның бос лауазымына салық құқығы саласындағы мамандар үшін;
Манғыстау облыстық сотында 1 судьяның бос лауазымына салық құқығы саласындағы мамандар үшін;
Солтүстік Қазақстан облыстық сотында 1 судьяның бос лауазымына салық құқығы саласындағы мамандар үшін.Түркістан облыстық сотында 2 судьяның бос лауазымына жер құқығы саласындағы мамандар үшін;
Ұлытау облыстық сотында 1 судьяның бос лауазымына қаржы құқығы саласындағы мамандар үшін;
Барлығы: 13 бос лауазым.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Конкурсқа келесі талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады:
1) 30 жасқа толған;
2) жоғары заң бiлiмi, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері, мiнсiз беделі бар;
3) заңгерлік кәсібі бойынша кемiнде 15 жыл жұмыс өтілі бар;
4) медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіптік мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқ екендігін растаған;
5) құқықтың тиісті салалары бойынша мамандануын талап ететін жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болған.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды тапсыру:
Құжаттардың тізбесі (өту).
Құжаттар тиісінше ресімделмеген немесе толық ресімделмеген жағдайда қайтарылады.
Егер үміткерлердің мәліметтері құжаттарды тапсырғаннан кейін өзгерсе, онда олар бір күн ішінде жаңартылған ақпаратты Жоғары Сот Кеңесі аппаратына ұсынуға тиіс (жаза алу, лауазымын өзгерту, қылмыстық жауаптылыққа тарту, оның ішінде жақын туыстарын және т.б.).
Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген құқық салаларында жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар ұсынылады.
Жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын келесі құжаттар жатады:
1) еңбек кітапшасында тиісті құқықт салаларындағы білімді талап ететін жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер;
2) істердің тиісті санаттары бойынша кандидаттың сот процестеріне өкіл ретінде қатысуын растайтын сот актілерінің көшірмелері (жылына кемінде 5 іс);
3) құқықтың тиісті салалары бойынша ғылыми және оқытушылық қызмет тәжірибесін растайтын құжаттар;
4) жоғарыда көрсетілген құқық салаларында мамандануының болуын растайтын өзге де құжаттар.
Аталған конкурс судья болғысы келетін, өз білімін судьялық жүйеде іске асырғысы келетін азаматтарға арналған және жұмыс істеп жүрген судьяларға таралмайды.
Жұмыс орны бойынша облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы бұрын судья лауазымын атқарған адамдарға ғана талап етіледі.
Құжаттарды ұсыну мерзімдері
Құжаттар 2025 жылдың 16 қыркүйегіне (қоса алғанда) дейін қабылданады.
Құжаттар Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, № 1в кіреберіс, Жоғары Сот Кеңесі мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылуы тиіс.
Конкурстық іріктеу кезеңдері
Қосымша мәліметтер
Конкурс қорытындылары туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылатын болады (www.vss.gov.kz).
Анықтама телефондары: 8(7172) 75-03-09, 74-92-88.