Жоғары Сот Кеңесі облыстық және оларға теңестірілген соттардың 13 бос судья лауазымына құқықтың жекелеген салаларындағы мамандардың арасында конкурс жариялайды.
Салық, корпоративтік, жер және қаржы құқығы сияқты салалардағы істерді қарау судьялардан терең кәсіби білімді талап етеді. Сот төрелігінің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында осы салаларда жұмыс тәжірибесі бар мамандар сот жүйесіне тартылуда.
Бұл жұмыс Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың соттарды бейінді мамандармен толықтыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілуде. Бұл күрделі санаттағы істерді неғұрлым білікті қарауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кеңес басшылығы белгілеген іріктеу рәсіміне жаңа серпін беріп, үміткерлерге қойылатын қатаң талаптарды және ашық іріктеуді енгізуді көздейді. Кандидаттардың кәсіби жетістіктерімен қатар олардың беделі мен құқықтың түрлі салаларындағы құзыреттері де ескеріледі. Бұл азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға және сот төрелігінің сапасын жоғарылатуға бағытталған.
Осы ретте Кеңес құқықтың жекелеген салаларында маманданған заңгерлер арасында кезектен тыс конкурс жариялады. Конкурс аясында облыстық және оларға теңестірілген соттардың 13 бос судья лауазымын толықтыру қарастырылған.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтар қатыса алады.
Өтініштер мен құжаттар 2025 жылғы 16 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) мына мекенжай бойынша қабылданады:
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 1В кіреберісі.
Қажетті құжаттардың тізімі Жоғары Сот Кеңесінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.