Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға құжат қабылдау аяқталды.
Биыл алғаш рет мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға үміткер болу мүмкіндігі мемлекеттік емес сектордың заңгер мамандарына да берілді.
Аталған жаңашылдыққа және де Жоғары Сот Кеңесімен бірлесіп жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында конкурс бір орынға 10 адамды құрады.
Қабылдау емтихандары мен конкурстың қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 60 адам, 40 жуық адам ақылы негізде оқуға қабылданды.
Профильді магистратураға қабылданғандардың ішінде 21%-ын мемлекеттік емес сектордың заңгерлері — нотариустар, жеке сот орындаушылары, корпоративтік заңгерлер және басқалар құрады.
Биылғы жылдың тағы бір жаңашылдығы – ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға қабылдау. Бұл бағдарлама Академияны дамытудың 2025–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың өкімімен ашылды.
Конкурс нәтижелері бойынша оқуға жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсеткен ең үздік үміткерлер іріктелді.