Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан «24KZ» телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасының қонағы болды

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан «24KZ» телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасының қонағы болды

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан «24KZ» телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасының қонағы болды.

Сұхбат барысында ол Сот жюриінің қызметі туралы кеңінен айтып, судья тәуелсіздігі мен жауапкершілігін қамтамасыз етудегі оның негізгі рөлін атап өтті.

Нұржан Қайыпжан судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізудің ерекшеліктеріне тоқталды. Оның басты мақсаты – судьялардың тәуелсіздігіне кепілдіктер келтіре отырып, қоғам алдындағы есептілікті қамтамасыз ету.

«Сот жюриінің жұмысы заңдылық, әділдік және бейтараптық қағидаттарын нығайтуға бағытталған. Бұл елімізде әділ сот төрелігін қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады», – деді Сот жюриінің төрағасы.

Сот жюриі Жоғары Сот Кеңесінің жанында жұмыс істейді. Оның құрамына тәжірибелі судьялар, адвокаттар алқасы мен заң консультанттары палатасының өкілдері кіреді. Осылайша судьялардың жауапкершілігіне қатысты мәселелерді қарауда жан-жақты әрі әділ көзқарас қамтамасыз етіледі.

Сот жюриі төрағасының сұхбаты кең аудиторияға сот жүйесіндегі тәртіптік органның негізгі бағыттары мен оның сот төрелігінің сапасын арттыру және қоғамның судьялар мен соттарға деген сенімін нығайтудағы маңызы туралы толық түсінік алуға мүмкіндік берді.