«Kazinform» ақпараттық агенттігінде Қазақстанда судьялар корпусын қалыптастыру жайында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың сұхбаты жарияланды

«Kazinform» ақпараттық агенттігінде Қазақстанда судьялар корпусын қалыптастыру жайында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың сұхбаты жарияланды

«Kazinform» ақпараттық агенттігінде Қазақстанда судьялар корпусын қалыптастыру жайында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың сұхбаты жарияланды.

Төраға бүгінгі таңда судья мамандығына «кірудің» екі жолы бар екенін атап өтті. Біріншісі – Жоғары Сот Кеңесі ұйымдастыратын көпдеңгейлі біліктілік емтиханын тапсыру, екіншісі – Сот төрелігі академиясында оқып, оны тәмамдағаннан кейін арнайы біліктілік емтиханын тапсыру.

Осы емтихандарды сәтті тапсырған үміткерлер судьяның бос лауазымына орналасу үшін конкурсқа қатысады.

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы – еліміздегі болашақ судьяларды мақсатты түрде даярлайтын жалғыз мамандандырылған оқу орны. Бүгінде әрбір төртінші судья – осы Академияның түлегі.

Кандидаттарға қойылатын талаптар: жасы  30 жаста болуы, жоғары заңгерлік білімі, кемінде бес жылдық еңбек өтілі, мінсіз беделі және біліктілік емтиханын сәтті тапсыруы қажет.

Жаңа кадрлардың негізгі көзі әлі де сот жүйесінің қызметкерлері болып табылады. Дегенмен, жүйеге адвокаттар, прокурорлар, корпоративтік заңгерлер және ғылыми қауым өкілдері белсендірек келуде. Мұндай тепе-теңдік тәжірибе мен сот жүйесін дамытуға жаңа көзқарасты ұштастыруға мүмкіндік береді.

Төраға атап өткендей, кадр тапшылығы әлі де өзекті мәселе болып отыр: шамамен 8% судьялық вакансия бос тұр. Бұл мәселені шешу үшін Жоғары Сот Кеңесі ішкі рәсімдерді түбегейлі оңтайландырып, адалдықты көпдеңгейлі тексеруді енгізіп, заңгерлік қауымдастықпен кездесулер өткізуде.

Кеңес Төрағасының айтуынша, Жоғары Сот Кеңесінің басты міндеті – қоғамның сотқа деген сенімінің негізі болып табылатын құзыретті, тәуелсіз және заманауи судьялар корпусын қалыптастыру.

Сұхбатқа сілтеме «Kazinform»