Жоғары Сот Кеңесі біліктілік емтиханын тапсыру рәсімін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда

Жоғары Сот Кеңесі біліктілік емтиханын тапсыру рәсімін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда

Қазіргі уақытта Жоғары Сот Кеңесі біліктілік емтиханын тапсыру рәсімін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда.

Осы жылдың қаңтар айынан бастап емтиханның алғашқы үш кезеңі: компьютерлік тестілеу, эссе жазу және кейстік тапсырмаларды шешу ай сайын өткізіледі. Ал емтиханның қорытынды кезеңі – Біліктілік комиссиясы мүшелерімен әңгімелесу апта сайын өткізіледі.

Осыған байланысты үміткер енді біліктілік емтиханының барлық кезеңінен орта есеппен үш-төрт айдың ішінде сапасына нұқсан келтірмей өте алады.

Қаңтар айынан бастап Біліктілік комиссиясының 27 отырысы өткізілді. Ал, 2024 жылдың 8 айында небәрі 10 әңгімелесу өткізілген болатын.

Сонымен қатар үміткерлерге қойылатын талаптар қайта қаралды, қосымша тексерулер енгізілді, сондай-ақ барлық тест сұрақтары өзектендіріліп, кеңейтілді.

Сондай-ақ, біліктілік емтиханын тапсыру үшін құжаттарды қабылдау Кеңеспен тұрақты негізде жүргізіледі.

Ол үшін белгіленген құжаттар топтамасын Жоғары Сот Кеңесінің атына жолдау қажет.

Сонымен бірге Кеңестің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында біліктілік емтиханына дайындалуға қажетті барлық әдістемелік ұсынымдар орналастырылған.