«Юридическая газета» басылымының кезекті санында Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусиннің Академияда жүргізіліп жатқан негізгі өзгерістер мен жетістіктерге арналған мақаласы жарық көрді

«Юридическая газета» басылымының кезекті санында Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Қанат Мусиннің Академияда жүргізіліп жатқан негізгі өзгерістер мен жетістіктерге арналған мақаласы жарық көрді

Академия Жоғары Сот Кеңесінің құзырына берілген сәттен бастап ауқымды жаңғырту процесінен өтті. Судьялық және ғылыми кадрларды даярлау құрылымы жаңартылып, докторантура бағдарламасы бойынша лицензия алынды, ғылыми-педагогикалық магистратура ашылып, заманауи білім беру форматтары енгізілуде.✅

Барлық бастамалар Академияның 2025–2027 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатыр. Бұл құжатты Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бекіткен. Кеңес реформалардың стратегиялық үйлестірушісі ретінде судьяларды даярлаудың орнықты моделін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.⏺

Биыл судьяларға арналған біліктілікті арттыру курстары алғаш рет жекелендірілген форматта іске қосылды. Олар нақты кәсіби сұраныстарға бейімделіп, тәжірибеге бағытталған икемді оқыту жүйесіне көшуге негіз болды.⏺

Сонымен қатар референдиат бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2025 жылы бұл бағдарлама бойынша азаматтық-құқықтық және қылмыстық-құқықтық бағыттар бойынша екі топ оқытудан өтті. Бағдарлама тыңдаушылар мен сарапшылар тарапынан жоғары бағасын алды.⏺

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, материалдық-техникалық базаны жаңарту, криминалистикалық полигонның іске қосылуы және цифрлық платформаларды енгізу де маңызды қадамдардың қатарында. Академия – ғылыми мектеп қалыптастырып, еліміздің сот жүйесін стратегиялық тұрғыда дамытатын бірегей оқу орны ретінде бағаланады.❗️

Аталған өзгерістердің барлығы Жоғары Сот Кеңесінің жүйелі қолдауы мен дәйекті саясатының нәтижесінде мүмкін болды.

Толығырақ: file:///C:/Users/ADM_15/Downloads/UG%2057-2025%20%D0%B2%20%D1%86%D0%B2%D0%B5%D1%82%D0%B5.pdf 

#JoğarySotKeñesı 

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі