28–30 шілде аралығында судья лауазымына үміткерлерге арналған біліктілік емтиханы аясында компьютерлік тестілеу өтті

28–30 шілде аралығында судья лауазымына үміткерлерге арналған біліктілік емтиханы аясында компьютерлік тестілеу өтті

70 үміткердің ішінен 10-ы тестілеуден өтті. Мұндай нәтиже талаптардың күшейтілуімен байланысты. Үміткерден мінсіз бедел мен жоғары кәсіби дайындық талап етіледі.✅

Тестілеуден өткен үміткерлер келесі кезеңдерге жіберілді: эссе жазу, кейстік тапсырмаларды шешу және психологиялық тестілеуден өту.❗️

2025 жылдың басынан бастап тестілеу саны жылына 3–4 реттен 12 ретке дейін артты. Үміткерлер үшін мүмкіндіктер көбейгенімен, талаптар да күшейтілді.⏺

Бұл рәсімнің ашықтығын қамтамасыз етеді және жоғары стандарттардың сақталуына жол ашады. Сот жүйесінде жұмыс істеуге шынымен дайын, негізгі талаптарға, соның ішінде мінсіз беделге сай келетіндер ғана іріктеліп алынады.

Еске саламыз, емтиханға қатысу үшін құжаттар қабылдау Жоғары Сот Кеңесімен тұрақты түрде жүргізіледі.📍

Құжат қабылдау мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 1В кіреберіс📞

Телефондар: 74-90-44, 74-95-42, +7 778 290 48 14✉️

Электрондық пошта:
s.salimzhanova@vss.gov.kz
m.turmukhambetova@vss.gov.kz
k.asylbekova@vss.gov.kz

#JoğarySotKeñesı 

ҚР ЖСК Баспасөз қызметі