Барлығы: 46 бос орын.
Іріктеу қатысушыларға қойылатын талаптар
Іріктеуге жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар қатысуға құқылы.
Іріктеуге қатысу үшін ұсынатын құжаттар тізімі (өту).
Құжаттардың сканерленген нұсқалары электрондық жеткізгіште (диск немесе флеш-карта) қоса беру қажет.
Құжаттарда өзекті ақпарат болуы керек, қолы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда тіркеу нөмірі мен күні болуы керек.
Егер конкурсқа қатысушылардың мәліметтері олар құжаттарды тапсырғаннан кейін өзгерсе, онда олар 1 күн ішінде жаңартылған ақпаратты (жазаға тартылуы, лауазымының өзгеруі, өзінің немесе жақын туысқандарының қылмыстық жауаптылыққа тартылуы және т.б.) ұсынуы тиіс.
Құжаттарды ұсыну мерзімдері
Құжаттар 2025 жылғы 15 тамызды қоса алғанда келесі мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Жоғары Сот Кеңесі.
Құжаттар тиісінше немесе толық рәсімделмеген жағдайда кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.
Қосымша мәліметтер
Конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.vss.gov.kz).
Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 8(7172) 75-03-09, 75-16-36, 74-96-47, 74-97-62.
Бос лауазымдардың тізімі сілтеме бойынша (өту).