Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Алтын Айтуарова мен Ғалымжан Нұрлықұлов, Аппарат қызметкерлері, Біліктілікті арттыру орталығының өкілдері, сондай-ақ 1200-ден астам адвокат қатысты.
Семинарлар барысында қатысушыларға конкурстық іріктеудің негізгі кезеңдері, құжаттарды тапсыру тәртібі, біліктілік емтиханының құрылымы, құзыреттер бойынша әңгімелесу рәсімі және үміткерлердің кәсіби әрі жеке қасиеттерін бағалау тәсілдері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Кездесу аясында судья болуға ниетті заңгерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты әрі нақты жауаптар берілді.
Жоғары Сот Кеңесі кадр саясатының ашықтығын арттыру, заңгерлік қауымдастықпен сындарлы байланыс орнату және судьялар корпусының оң имиджін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмысты жалғастыратын болады.
#JoğarySotKeñesı
ҚР ЖСК Баспасөз қызметі