

Бұл Жоғары Сот Кеңесі қойған міндеттерді жүзеге асыруға, кәсіби сот кадрларын даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Академия магистратура және докторантура деңгейінде терең ғылыми әрі практикалық бағыттағы сот жүйесіне мамандар даярлау арқылы елдегі жоғары білім беру жүйесінде ерекше орын алады.
Байқауға ғылыми-зерттеу қызметіне, болашақ судьяларды даярлауға және жаңа буын заңгерлерін тәрбиелеуге ынталы, құқық саласындағы тәжірибелі әрі беделді мамандар шақырылады.
Құжаттарды тапсыру тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар мен байқауды өткізу шарттары туралы ақпарат Академияның ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7(7172) 71-08-60, +7 701-250-25-95
Қазақстан Республикасының тұрақты әрі ілгері сот жүйесін қалыптастыратын кәсіби мамандар командасының бір бөлігі болуға шақырамыз.
#JoğarySotKeñesı
ҚР ЖСК Баспасөз қызметі