Жоғары Сот Кеңесінде Мемлекеттік қызмет саласындағы Астаналық хабтың Басқарушы комитетінің қолдауымен «Судья лауазымына үміткерлермен сұхбат жүргізу техникасы» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Мемлекеттік қызмет саласындағы Астаналық хабтың Басқарушы комитетінің қолдауымен «Судья лауазымына үміткерлермен сұхбат жүргізу техникасы» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті
⭐️Спикер ретінде Қазақстан Республикасы HR-менеджерлер қауымдастығының Үйлестіру кеңесінің президенті Гүлмира Раисова сөз сөйледі.

Семинарға Жоғары Сот Кеңесінің және Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясының мүшелері қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – судья кадрларын іріктеу жүйесін жетілдіру, қазіргі заманғы HR-технологияларды енгізу және үміткерлермен сұхбат жүргізу әдістемесін дамыту.⏺

Бағдарлама аясында сұхбаттың әдістемесі, құзыреттері, құрылымы және сұрақ қою техникасы бойынша теориялық бөлім ұсынылды. Практикалық бөлім интерактивті форматта өтіп, қатысушылар сұхбат жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдерін қолданып көріп, жауаптарды бағалау әдістемесімен танысты.⏺

Семинардың соңғы бөлігі практикалық мәселелерді талқылауға және үміткерлермен сұхбат жүргізу тетігін жетілдіру бойынша ұсыныстар алмасуға арналды.❗️

Аталған семинар Кеңесте судьяларды іріктеу процесі аясында HR-мамандардың қатысуымен өткізіліп жүрген оқыту іс-шараларының бір бөлігі болып табылады. Мұндай тренингтерді тұрақты түрде өткізу Кеңеске үміткерлерді объективті бағалауға және судьялар корпусына неғұрлым дайын кадрларды іріктеуге мүмкіндік береді.


ҚР ЖСК Баспасөз қызметі