Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастырудың жаңа кезеңі бойынша өтініштер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды

Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастырудың жаңа кезеңі бойынша өтініштер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды

Жоғары Сот Кеңесі кадр резервін қалыптастырудың келесі кезеңін жариялайды және 2025 жылғы 18 шілдеден жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервіне тұруға өтініштер мен құжаттар қабылдаудың жаңа кезеңі басталды.

Өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 1 тамыз.

Кадр резервіне «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының біліктілік талаптарына және осы қағидаларға сәйкес келетін, жұмыс көрсеткіштері жақсы, беделі мінсіз және ұйымдастырушылық қабілеті бар жұмыс істеп жүрген судьялар қабылданады.

Кадр резервін мынадай лауазымдар бойынша қалыптастырады:

1) аудандық және оған теңестірілген соттың төрағасы;
2) облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы;
3) облыстық және оған теңестірілген соттың сот алқаларының төрағалары;
4) облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы;
5) кассациялық соттың судьялары;
6) кассациялық соттың төрағасы;
7) Жоғарғы Соттың судьясы;
8) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары.

Кадр резервіне тұруға мыналар құқылы:

1) аудандық сот төрағасының лауазымына – тиісті біліктілігі бар және беделі мінсіз, сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілеттері бар судьялар;
2) облыстық сот судьясының лауазымына – заңгерлік мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі немесе судья қызметінде кемінде бес жыл жұмыс өтілі, тиісті біліктілігі бар және беделі мінсіз судьялар;
3) облыстық соттың сот алқаларының төрағалары мен төрағасының лауазымдарына – тиісті біліктілігі бар, беделі мінсіз және ұйымдастырушылық қабілеттері бар облыстық соттардың судьялары, сондай-ақ судья қызметінде кемінде он жыл жұмыс өтілі бар судьялар;
4) кассациялық соттың судьясы лауазымына – заң мамандығы бойынша кемінде он сегіз жыл жұмыс өтілі бар немесе судья ретінде кемінде сегіз жыл жұмыс өтілі бар, оның ішінде облыстық соттың судьясы ретінде жұмыс өтілі кемінде үш жыл, тиісті біліктілігі мен мінсіз беделі бар судьялар;
5) кассациялық сот төрағасының лауазымына – кассациялық соттың судьясы немесе судья лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар, оның ішінде облыстық сот судьясының жұмыс өтілі кемінде бес жыл, тиісті біліктілігі, мінсіз беделі және ұйымдастырушылық қабілеті бар адамдар;
6) Жоғарғы Сот судьясының лауазымына – заңгерлік мамандығы бойынша кемінде жиырма жыл жұмыс өтілі, оның кемінде он жылы судья қызметінде, оның ішінде бес жылы облыстық сот судьясы қызметіндегі жұмыс өтілі, тиісті біліктілігі бар және беделі мінсіз судьялар;
7) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымдарына – Жоғарғы Сот судьялары тұруға құқылы. 

Алғаш рет немесе жаңадан тағайындалған судьялар судья болып екі жыл жұмыс істегеннен және судьяның кәсіби қызметін бағалаудан өткеннен кейін ғана кадр резервіне алынуы мүмкін.

Кадр резервіне тұруға ниет білдірген адамдар өзі резервке тұруды қалайтын лауазымды көрсетіп, Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) өтініш (нысанын жүктеп алу) береді. Бұл ретте, лауазым санатына қарай сот алқасының, соттардың атауы, сондай-ақ өзі жұмыс істеуді қалайтын республика өңірлері міндетті түрде көрсетілуге тиіс:

1) Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары лауазымдарына – бөлек, әрбір алқа бойынша (азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік істер жөніндегі) жеке;
2) Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына – бірыңғай резерв, маманданымына байланысты емес;
3) кассациялық сот төрағасы лауазымына – әрбір сот бойынша (азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік жөніндегі);
4) кассациялық соттың судьясы лауазымына – әрбір сот бойынша (азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік жөніндегі);
5) облыстық сот төрағасының лауазымына – бірыңғай резерв, облыстық соттың орналасқан жеріне байланысты емес;
6) облыстық соттың сот алқаларының төрағалары лауазымдарына – бөлек, әрбір алқа бойынша (азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік істер жөніндегі);
7) облыстық сот судьясының қызметіне – әрбір облыстық сот бойынша бөлек резерв;
8) аудандық сот төрағасының лауазымына – бірыңғай резерв, маманданымына және соттың орналасқан жеріне байланысты емес.

Бірнеше облыстық, барлық облыстық, барлық сот алқаларын көрсетуге болады.

Тиісті білімі болған жағдайда, бір адам лауазымдардың бірнеше санаттар бойынша (мысалы, азаматтық және қылмыстық алқа төрағаларының лауазымдарына) немесе бірненше облыстар бойынша резервте тұра алады.

Судья оны кадр резервіне қабылдау туралы мәселені қарау үшін Кеңеске электрондық түрде өтінішін, ЭЦҚ қойылып Төрелік АЖ арқылы жібереді. Өтініште судьяның Т.А.Ә., лауазымы, байланыс нөмірі, берген күні көрсетіле отырып, Кадр резерві жөніндегі комиссия төрағасының атына өтініш жазады.

Комиссия судьяның жұмыс көрсеткіштерін, тәртіптік жауапкершілікке тартылуы туралы, оның іс-әрекеттеріне түскен шағымдар туралы, жоғары тұрған сот сатыларының ескерту хаттары туралы және облыстық соттардың жалпы отырыстарында болған талқылаулар туралы мәліметтерді (мазмұны қысқаша баяндалып, қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар көрсетіледі) облыстық соттардан өзі сұратады.

Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі мен күні болуы тиіс.

Өтініштер мен көрсетілген құжаттар 2025 жылғы 1 тамызға дейінгі (қоса есептегенде) мерзімінде ұсынылуы тиіс.

 Анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-91-03.