Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста Жоғары Сот Кеңесі облыстық соттардың 33 және аудандық соттардың 116 судья лауазымына жарияланған конкурстың қорытындыларын шығарды.
28 маусымда Мемлекет басшысы кассациялық сот судьяларын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Осыған байланысты бұрын жарияланған облыстық сот судьяларының бос орындарына қосымша, кассациялық соттарға судья болып тағайындалған судьялардың орнына босаған 65 лауазым бойынша конкурстың қорытындылары шығарылды.
Осылайша, кейбір облыстық соттардағы бос орындар пайда болған сәттен бастап конкурс қорытындылары шығарылғанға дейін алғаш рет бар болғаны үш апта уақыт өтті.
«Кандидаттарға қойылатын талаптардың күшейтілуі мен конкурстық рәсімдердің мерзімдерін қысқарту судьялық лауазымдарды сапалы түрде толықтыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі отырыста Кеңес осы жылы жарияланған төртінші конкурстың қорытындыларын шығарады. Бұған дейін Кеңеспен жылына бір-екі конкурс қана өткізілетін. Конкурстарды өткізу мерзімі қысқарғанымен, сапасына зардап келмеді, керісінше, талаптар күшейтілді», – деп атап өтті Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов.
Облыстық соттардың бос лауазымдарына жарияланған конкурсқа жалпы 460 үміткер, ал аудандық сот судьясы лауазымына — 250 үміткер қатысты.
Судьялық лауазымдарға тағайындауға ұсынылған конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат Кеңестің ресми YouTube-арнасында онлайн-трансляция барысында жарияланып, сондай-ақ Кеңестің ресми интернет-ресурсында орналастырылды.
Кеңеспен 10 судьяны лауазымынан босатуға ұсыныс жасалды. Оның ішінде: 5 — зейнеткерлікке шығуына байланысты, 1 — басқа жұмысқа тағайындалуына байланысты, 2 — басқа жұмысқа ауысуына байланысты, 2 — өз еркімен босатылды.
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің судьяны судьялық әдепке қайшы келетін, беделге нұқсан келтіретін теріс қылығы үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешіміне шағымдану бойынша бір өтініш қаралды.
Қарау нәтижелері бойынша Сот жюриінің шешімі негізді деп танылып, күшінде қалдырылды.
Сонымен қатар Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов:«Сот Жюриінің басты мақсаты – тәртіптік процестің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету. Мен әрқашан судьялардың құқықтарын қорғап, оларға қатысты кез келген әділетсіздікке қарсы тұрамын. Тағы да қайталап айтамын, Сот жюриі — кез келген себеппен судьяны жазалайтын жазалаушы орган емес», – деп атап өтті.
Отырыс барысында сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясы мен Сот жюриінің құрамындағы өзгерістер, сондай-ақ кассациялық соттардың құрылуына байланысты Сот жюриінің Регламентіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мақұлданды.
Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеу және тағайындау рәсімдерінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге, судьялардың тәуелсіздігі мен құқықтарын қорғауға бағытталған жүйелі жұмысын жалғастыруда. Бұл қоғамның сенімін арттыруға және судьялар корпусының оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.