«Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі (кім судья бола алады?)» тақырыбындағы семинар

«Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі (кім судья бола алады?)» тақырыбындағы семинар

Құқықтық жалпы оқыту жоспарына сәйкес, Судьялық білім беру және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімі, Жоғары Сот Кеңесі аппараты қызметкерлеріне арналған «Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі (кім судья бола алады?)» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында біліктілік емтиханын тапсырудың негізгі кезеңдері жан-жақты түсіндірілді:

  • тест тапсыру – қолданыстағы заңнамалар бойынша білім деңгейін тексеру;
  • эссе жазу – үміткердің құқықтық ұстанымын қисынды және дәйекті түрде баяндау қабілетін бағалау;
  • кейс тапсырмаларын шешу – сот тәжірибесіне жақын жағдайларда кәсіби ойлау қабілетін іс жүзінде тексеру.

Сондай-ақ, кәсіби жүктемелерге төзімділік деңгейі мен тұлғалық қасиеттерді анықтауға бағытталған психологиялық тестілеуден өту ерекшеліктері де түсіндірілді.

Біліктілік емтиханының соңғы кезеңі — Біліктілік комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу, онда үміткердің мотивациясы, кәсіби және этикалық ұстанымдары, сондай-ақ коммуникациялық дағдылары бағаланады.

Аппарат қызметкерлері емтиханды ұйымдастыру және өткізу сапасын арттыруға септігін тигізетін толыққанды түсіндірмелер мен әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ үміткерлерге қойылатын талаптар мен рәсімдерге қатысты өзекті сұрақтарға жауаптар алды.

Бұл оқыту — Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Аппарат қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жүйелі түрде арттыруға бағытталған жұмыстың бір бөлігі.Білім беру және ағартушылық жұмыс алдағы уақытта да жалғасын тауып, практикалық маңыздылыққа, құзыреттерді дамытуға және Аппарат жұмысының сапасын тұрақты арттыруға ерекше мән берілетін болады.