Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында магистратураға құжат қабылдау жалғасуда
Академия — Қазақстан Республикасының сот жүйесі үшін кәсіби кадрларды даярлайтын жалғыз мамандандырылған оқу орны.
Оқу процесі «судьяларды судьялар оқытады» қағидаты бойынша ұйымдастырылған.
Оқу барысында нақты сот процестерін модельдеу орталық орын алады. Бұл теория мен практиканың өзара тығыз байланысын қамтамасыз етеді.
Биыл Академияны 97 магистрант аяқтады. Олардың 95 пайызы біліктілік емтиханынан сәтті өтіп, бүгінде судья лауазымдарына жарияланған конкурстарға қатысып жатыр.
Биыл алғаш рет ғылыми-педагогикалық магистратураға қабылдау ашылды. Бұл бағдарлама құқықты қолданумен қатар, ғылыми және оқытушылық қызметпен айналыса алатын мамандарды даярлауға бағытталған.
Құжаттар 29 шілдеге дейін қабылданады.
Өз болашағын сот жүйесімен байланыстырғысы келетін азаматтарды Сот төрелігі академияға шақырамыз!