Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов «24KZ» телеарнасының «Prime Time» бағдарламасында кассациялық соттарды қалыптастыру, судьяларды іріктеудің критерийлері және оны жаңғырту шаралары туралы айтып берді

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов «24KZ» телеарнасының «Prime Time» бағдарламасында кассациялық соттарды қалыптастыру, судьяларды іріктеудің критерийлері және оны жаңғырту шаралары туралы айтып берді

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов «24KZ» телеарнасының «Prime Time» бағдарламасында кассациялық соттарды қалыптастыру, судьяларды іріктеудің критерийлері және оны жаңғырту шаралары туралы айтып берді.

Кассациялық соттарды құру – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен IX судьялар съезінде жария етілген сот реформасының негізгі бағыты. Президент бұл соттардың судьялық құрамын ең тәжірибелі мамандардан жасақтау қажеттігін ерекше атап өтті.

Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың басшылығымен кассациялық соттардың судьяларын іріктеу бойынша жан-жақты жұмыс жүргізілді. 334 үміткердің ішінен 75-і ұсынылды. Іріктеу кезінде практикалық тәжірибе, судьялық өтіл, сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, мінсіз бедел және үміткерлерді бағалаудың көпсатылы жүйесінде көзделген өзге де критерийлер ескерілді.

Ерлан Айтжанов мұндай кадрлық саясат шын мәнінде кәсіби судьялар құрамын жасақтауға мүмкіндік беретінін, бұл өз кезегінде кассациялық саты жұмысының тиімділігін қамтамасыз етіп, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыратынын атап өтті.

Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасымен судьяларды даярлау және іріктеу жүйесі елеулі түрде жаңғыртылды. Біліктілік емтихандарының өткізу жиілігі жылына 4-тен 12-ге дейін артты, ал барлық кезеңдерден өту мерзімі 1,5 жылдан 3 айға дейін қысқартылды.

Кандидаттарға қойылатын талаптар қатаңдатылды, құқық қорғау және арнайы органдардың деректер базасы арқылы қосымша тексерулер енгізілді.

Біліктілік комиссиясының отырыстары бұрынғыдай екі айда бір рет емес, айына 4 рет өткізіледі. Бұл 2025 жылдың алғашқы алты айында 125 кандидаттың біліктілік емтиханының барлық кезеңінен сәтті өтуіне мүмкіндік берді (салыстырмалы түрде — 2024 жылы бар болғаны 73 үміткер өткен).

Сонымен қатар, судья лауазымдарына арналған конкурстар саны жылына 2-ден 6-ға дейін артты, ал олардың ұзақтығы 6 айдан 2 айға дейін қысқартылды.

Кеңес мүшесі Жоғары Сот Кеңесінің қызметі ашықтық, жариялылық және объективтілік қағидаттарына негізделетінін ерекше атап өтті. Кеңес кадрлық саясатты жетілдіруге басымдық бере отырып, судьяларды іріктеу, бағалау және мансаптық ілгерілету үдерісінде әділ әрі бәсекелі тәсілді қамтамасыз етеді. Бұл кәсіби судьялар корпусын қалыптастыруға және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.