«Российское правосудие» ғылыми-практикалық журналында Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ернар Бегалиевтің және ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының МҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері Ренат Медиевтің мақаласы жарияланды

«Российское правосудие» ғылыми-практикалық журналында Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ернар Бегалиевтің және ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының МҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері Ренат Медиевтің мақаласы жарияланды

«Российское правосудие» ғылыми-практикалық журналында Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ернар Бегалиевтің және ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының МҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері Ренат Медиевтің мақаласы жарияланды.

Өз жұмысында авторлар сот процесінің ашықтығы мен сенімін арттыру құралы ретінде сот процестерін тікелей трансляциялау тәжірибесін зерттейді.

Тәжірибенің жағымды жақтары да, құпиялылықты қорғауға және процеске қатысушылардың қауіпсіздігіне байланысты ықтимал қауіптер де талданады.

 Зерттеу қазақ дала құқығы туралы тарихи мәліметтерден бастап Қазақстандағы сот процестерінің қазіргі заманғы тікелей трансляцияларының мысалдарына дейінгі эмпирикалық талдауға сүйенеді. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мен ресми бейнематериалдар да зерттелді.

Негізгі қорытынды ретінде Қазақстан Республикасы үшін сот процестерін тікелей трансляциялаудың бірыңғай моделін құру ұсынылды. Мұндай модель, авторлардың пікірінше, қатысушылардың конституциялық құқықтарын бұзбай сот отырыстарын жариялауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар судьялардың біліктілігін арттыру және оларды барлық іс жүргізу нормаларын сақтай отырып, жариялылық жағдайында жұмысқа дайындау қажеттілігіне баса назар аударады.

Анықтама: «Российское правосудие» - ғылыми-практикалық журналы 2006 жылдан бастап жарық көруде. Рецензияланатын ғылыми басылымдардың тізіміне кіреді, РИНЦ-те индекстеледі, Russian Science Citation Index-ке енгізілген.