Кассациялық соттардың судьялары лауазымына ұсынылған үміткерлер еліміздің барлық өңірлерін қамтиды

Кассациялық соттардың судьялары лауазымына ұсынылған үміткерлер еліміздің барлық өңірлерін қамтиды

Кассациялық соттардың судьялары лауазымына үміткерлерді іріктеу процесі мен ұсынымдар туралы айта келе, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов конкурсқа қатысу үшін барлығы 334 үміткерден құжаттар келіп түскенін, оның ішінде конкурсқа қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін 170 үміткер жіберілгенін атап өтті. Конкурстық іріктеу нәтижесінде 75 үміткер ұсынылды, оның ішінде 49 (65%) – әйелдер және 26 (35%) – ерлер.

«Ұсынылған үміткерлер еліміздің барлық өңірлерін қамтиды, бұл – кассациялық соттар құрамында жан-жақты өңірлік өкілдікті қамтамасыз етеді. Ұсынылған судьялардың орташа жасы – 52 жас, орташа судьялық өтілі – 20 жыл, оның ішінде апелляциялық инстанцияда – 10 жыл. Жаңа кассациялық соттарға жүргізілген мұқият әрі ашық іріктеу аясында бірінші және апелляциялық инстанциялардағы үлкен жұмыс тәжірибесі бар ең тәжірибелі судьялар ұсынылды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Дереккөз: ortcom.kz