ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжановтың айтуынша, 2025 жылғы 22 қаңтарда Жоғары Сот Кеңесі кассациялық соттарға 87 бос судьялық лауазымға конкурс жариялады: азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотқа – 39 бос орын; қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сотқа – 29 бос орын; әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотқа – 19 бос орын.
«Кассациялық соттардың бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу Кеңеспен алқалы түрде, конкурс негізінде, HR-бағалаудың кең спектрін қолдану арқылы жүзеге асырылды. Іріктеу барысында практикалық тәжірибе, судьялық еңбек өтілі, сот төрелігін жүзеге асыру сапасы, қаралған істердің күрделілік деңгейі, мінсіз бедел, судьялық этика талаптарын сақтау, әңгімелесудің нәтижелері, Жоғарғы Соттың пленарлық отырысының және судьялар қауымдастығы органдарының қорытындылары, кандидаттарды бағалаудың көп сатылы және кезеңдік жүйесінде қарастырылған басқа да критерийлер ескерілді», - деді спикер.
Сонымен қатар кандидаттар туралы жұртшылық пен заңгерлік қауымдастық өкілдерінің пікірлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар да назарға алынды.
Дереккөз: ortcom.kz