Қазақстанда кассациялық соттардың құрылуы – елдің сот жүйесін реформалаудағы маңызды кезең

Қазақстанда кассациялық соттардың құрылуы – елдің сот жүйесін реформалаудағы маңызды кезең

2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш кассациялық сот жұмысын бастайды. Олардың құрылуы Жоғарғы Соттың рөлінің өзгеруімен тікелей байланысты. ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында түсіндіргендей, бұған дейін Жоғарғы Сот заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қараудың негізгі инстанциясы болса, енді оның негізгі міндеті – сот практикасының бірізділігін қамтамасыз ету. Ол тек ерекше жағдайларда – Жоғарғы Сот судьясының ұсынысы немесе Бас Прокурордың наразылығы негізінде істерді қарайтын болады. Ал кассациялық соттардың негізгі рөлі – заңды күшіне енген сот актілері бойынша істерді қайта қарау.

«Еліміздің сот жүйесін дамытудың мұндай уақтылы және тиімді қадамы Жоғарғы Соттың жүктемесін азайтып, оның назарын құқық қолданудың негізгі мәселелеріне шоғырландыруға; істерді қайта қараудың қосымша инстанциясын енгізу арқылы, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыруға; заңдылықты бақылауды нысаналы түрде жүргізу арқылы, сот шешімдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді спикер.

Дереккөз: ortcom.kz