Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ернар Бегалиев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Сот кеңестері төрағаларының III отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ернар Бегалиев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Сот кеңестері төрағаларының III отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ернар Бегалиев Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Сот кеңестері төрағаларының III отырысына қатысты. Шара Әзербайжан Республикасының Баку қаласында өтті.

Отырысқа Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, Әзербайжан Республикасының Сот-құқықтық кеңесі мен Жоғарғы сотының төрағасы Инам Керимов, Қырғыз Республикасы Судьялар кеңесінің төрайымы Айда Сейдакматова, Түркия Республикасы Судьялар мен прокурорлар кеңесінің төрағасы Физули Айдогду, Өзбекстан Республикасы Жоғарғы судьялар кеңесінің төрағасы Холмумин Ёдгоров қатысты.

Отырыс аясында Түркі мемлекеттері ұйымының Сот кеңестері желісінің Жарғысы қабылданды. Бұл құжат мемлекеттер арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға, сот-құқықтық жүйелерді жақындастыруға және тұрақты көпжақты әріптестікті дамытуға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың атынан Кеңес мүшесі Ернар Бегалиев алғы сөзін оқып берді. Алғы сөзде: «Қабылданған Жарғы мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа форматын дамытуға, сондай-ақ сот жүйесін нығайтуға ықпал етеді. Бүгінде елімізде бұл мәселелерге ерекше көңіл бөлініп отыр, ал уақтылы көтерілген осындай бастамалар, соның ішінде бүгінгі кездесу, оларды шешудің бір жолы болып табылады. Бұл жұмыстың табысты болуы көбіне өзара іс-қимылымызға байланысты», – деп атап өтілді.

 Әзербайжан Республикасының Сот-құқықтық кеңесінің төрағасы Инам Керимов: «Бұл бастама нақты құқықтық ынтымақтастығымызды институционалдандыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Жарғы қабылданғаннан кейін сот-құқықтық саладағы тұрақты көпжақты өзара әрекеттестікке құқықтық негіз қалыптасады деп есептеймін», – деп атап өтті.

Іс-шара түркі мемлекеттері сот органдары арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қамтамасыз ететін құқықтық негіз қалыптастыру және институционалдық диалогты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Осындай халықаралық шараларға қатысу Жоғары Сот Кеңесінің құқықтық ынтымақтастықты дамыту және әріптестік байланыстарды нығайту жолындағы белсенді рөлін көрсетеді.