Дмитрий Малаховтың төрағалығымен ҚР Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Дмитрий Малаховтың төрағалығымен ҚР Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Дмитрий Малаховтың төрағалығымен ҚР Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Жоғарғы Сот Төрағасының азаматтық істер, қылмыстық істер және әкімшілік істер бойынша кассациялық соттардың төрағаларын қызметке тағайындау туралы ұсынысы қаралды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында біз кассациялық соттарды қалыптастыру бойынша жұмысты аяқтаудамыз. Қазақстанда кассациялық соттар құру-еліміздің сот жүйесін реформалаудағы маңызды кезең. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен қабылданған бұл шешім сот төрелігі қағидаттарын жетілдіру, оның қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру жөніндегі мемлекеттің саяси еркінің көрінісі», — деп атап өтті Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов.

Жоғары Сот Кеңесі қоғам сенімін арттыру және судьялардың оң имиджін қалыптастыру мақсатында судьяларды іріктеу мен тағайындау рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, судьялардың тәуелсіздігі мен құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.