Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының Ғылыми-білім беру орталығының директоры Ержан Егембердиев «Qazaq radiosy» радиосындағы «Мінбер» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты
Эфир барысында ол еліміздегі сот жүйесіне кадрлар даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны – Сот төрелігі академиясында білім алу мүмкіндіктері туралы айтып өтті. Оқу мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, сондай-ақ ақылы түрде бір жылдық бейіндік магистратура бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау қолма-қол немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 1 маусымнан 29 шілдеге дейін жұмыс күндері жүзеге асырылады.
«Биылдан бастап алғаш рет мемлекеттік грант есебінен оқуға тек қызметтегі мемлекеттік қызметшілер ғана емес, белгіленген талаптарға сәйкес келетін кез келген азамат үміткер бола алады», – деп атап өтті Ержан Егембердиев.
Қабылдау емтихандары үш кезеңнен тұрады:
Қажетті құжаттар тізімі мен қабылдау шарттары туралы толық ақпарат Сот төрелігі академиясының sta.edu.kz ресми сайтында жарияланған.