ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына «Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша «Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасы аясында бейінді және ғылыми-педагогикалық докторантура бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия берілді

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына «Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша «Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасы аясында бейінді және ғылыми-педагогикалық докторантура бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия берілді

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына «Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша «Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасы аясында бейінді және ғылыми-педагогикалық докторантура бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия берілді.

 Лицензия алу – Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов бекіткен Сот төрелігі академиясының 2025-2027 жылдарға арналған даму тұжырымдамасында көзделген маңызды институционалдық қадам болып табылады.

Сот төрелігі академиясында алғаш рет докторантура бағдарламалары ашылуда.

Лицензия алу – Академияның ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын мемлекеттік талаптарға сәйкестігін растайды.

Докторантура бағдарламалары:

- құқық және сот төрелігі саласындағы қолданбалы және іргелі зерттеулер жүргізу;

- ғылыми және тәжірибелік-бағдарланған мамандарды даярлау;

- құқықтық теория және сот практикасы арасындағы байланысты нығайту;

- құқықтық ғылымдар саласындағы заманауи зерттеу ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Докторантура бағдарламаларын жүзеге асыру – философия докторы және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алуға үміткерлердің академиялық және кәсіби дамуына жағдай жасап, судья кадрларын даярлаудың ғылыми құрамдасын арттыруға ықпал етеді.

Сот төрелігі академиясының докторантурасына құжаттарды қабылдау басталғаны жөнінде қосымша хабарланатын болады.