Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында AI-Qyzmet бағдарламасы бойынша оқудан өтті

Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында AI-Qyzmet бағдарламасы бойынша оқудан өтті

Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілердің жасанды интеллектпен (ЖИ) жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған AI-Qyzmet бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

Аталған бағдарлама мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс процесіне озық AI-құралдарын енгізу және оларды қолдану қағидаттарын меңгеруге бағытталған.

Курс аясында қатысушылар:

  • Цифрлық сауаттылығын арттырды;
  • ЖИ құралдарын қолдану арқылы деректерді талдау әдістерін меңгерді;
  • Әкімшілік үдерістерді автоматтандыру мүмкіндіктерін зерттеді;
  • Шешім қабылдау және тиімділікті арттыру дағдыларын дамытты.

Бағдарлама қазіргі заманғы тілдік модельдермен және цифрлық көмекшілермен өзара әрекеттесу бойынша әмбебап қағидаттарды қамтиды, бұл қатысушыларға әртүрлі жасанды интеллект жүйелеріне бейімделуге және оларды кәсіби қызметте тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметшілерді ЖИ дағдыларына оқыту қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алдағы 5 жыл ішінде 1 миллион адамды жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларына оқыту міндеті қойылды. Бұл – барлық мемлекеттік органдардың ерекше назар аударуын және белсенді қатысуын талап ететін мәселе», - деп атап өткен болатын.

AI-Qyzmet бағдарламасы бойынша оқу мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың стратегиялық маңызы бар және цифрлық трансформацияның жаңа мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Алдағы уақытта Кеңес Аппаратының барлық қызметкерлерін кезең-кезеңімен осы бағдарлама бойынша оқыту жоспарлануда. Бұл күнделікті жұмыс барысында заманауи цифрлық құралдарды кеңінен енгізуге және қызметкерлердің жалпы цифрлық құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.