ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында алғаш рет ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура ашылды

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында алғаш рет ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура ашылды

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бекіткен Сот төрелігі академиясын дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында Сот төрелігі академиясында алғаш рет ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратура ашылды.

Осы жылдың 2 маусымынан бастап ғылыми-педагогикалық магистратураға құжаттарды қабылдау басталды. Оқу мерзімі – 2 жыл. Аталған бағдарлама сот төрелігі саласында жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Бағдарлама заң ғылымының, құқықтық саясаттың және сот білімінің дамуына үлес қосатын мамандарды даярлауды көздейді.

Ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуға заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін барлық ниет білдірушілер қабылдана алады.

Атап айтқанда, үміткер келесі талаптарға сай болуы тиіс:

- Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келуі;

- құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін 28 жасқа толуы;

- жоғары заңгерлік білімі болуы;

- құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін заңгерлік мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы.

Ғылыми-педагогикалық магистратураның ашылуы сот жүйесінің кадрлық әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ ғылыми-білім беру ортасын және жалпы құқық ғылымын дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Қажетті құжаттардың тізімі, оларды тапсыру мерзімі және басқа да ақпаратпен Сот төрелігі академиясының ресми ресурсында таныса аласыздар.