Жоғары Сот Кеңесінде Республикалық адвокаттар алқасының басшылығымен кездесу өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Республикалық адвокаттар алқасының басшылығымен кездесу өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Республикалық адвокаттар алқасының басшылығымен кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов, Кеңес мүшелері мен аппаратының өкілдері, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев, Астана қалалық адвокаттар алқасының төрағасы Руслан Узканов, сондай-ақ Республикалық адвокаттар алқасының Ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы Сергей Сизинцев қатысты.

Кездесу барысында Кеңестің заң қауымдастығымен, соның ішінде сот корпусы үшін кәсіби әрі этикалық тұрғыда даярланған үміткерлер ретінде саналатын саналатын адвокатурамен өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері талқыланды. Судьяларды іріктеу тетіктері, конкурстық рәсімдер, судьялардың тәртіптік жауапкершілігі, сондай-ақ Кеңестің ашықтығы мен айқындығы тақырыптары қозғалды.

«Біз адвокатура, нотариат, заң консультанттары өкілдерімен және сот орындаушыларымен тікелей диалог орнаттық. Кеңес қызметінің ерекшеліктері, судья лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптар және біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде шамамен 10 мыңнан астам заңгер қамтылды», – деп атап өтті Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов.

Кездесу аясында адвокаттарды судья кәсібіне тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Адвокаттардың кәсіби тәжірибесі, құқық қолдану дағдылары мен жоғары құқықтық мәдениеті оларды судья лауазымына үміткерлер қатарындағы әлеуетті кандидаттар ретінде қарастыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Республикалық адвокаттар алқасының Төрағасы Айдын Бикебаев ашықтық пен ынтымақтастыққа дайындық үшін алғысын білдіріп, адвокаттардың судьялар корпусының сапасын арттыру және әділ сот төрелігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлінің маңыздылығын атап өтті.

 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар заң үстемдігін нығайтуға және халықтың құқықтық институттарға деген сенімін арттыруға бағытталған конструктивті әріптестікті дамытуға және бірлескен жұмысты жалғастыруға мүдделілік білдірді.