Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Отырыс барысында облыстық және оларға теңестірілген соттардың сот алқалары төрағалары лауазымдарына жарияланған конкурстың қорытындылары шығарылды.

«Кеңес тарихында алғаш рет құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап сапаға нұқсан келтірмей, үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейте отырып конкурс бұрынғыдай алты ай ішінде емес, бір жарым айда өткізілді. Аталған тәсілдерді қолдану судьялық бос орындарды жедел әрі сапалы толтыруға мүмкіндік береді - деді, Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов.

Судьялық лауазымдарға тағайындауға ұсынылған үміткерлер туралы мәліметтер Кеңестің ресми YouTube арнасында өткен онлайн-трансляция барысында жарияланып, Кеңестің ресми интернет-ресурсына орналастырылды.

Қызметінен босатуға Кеңес 5 судьяны ұсынды, оның ішінде: 3-еуі — отставкаға шығуына байланысты, 1-еуі — өз өтініші бойынша, 1-еуі — сот төрағасы өкілеттігінің аяқталуына байланысты, сол соттың судьясы ретінде қалдырылды.

3 аудандық соттың төрағасы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты конкурстан тыс өзге балама соттарға судья ретінде тағайындауға ұсынылды.

Судьяның Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің судьялық әдепке қайшы келетін, абыройға нұқсан келтіретін теріс қылық үшін сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешіміне шағымдану жөніндегі 1 өтініші қаралды.

Қарау нәтижесі бойынша Сот жюриінің шешімі негізсіз деп танылып, тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды.

Жоғары Сот Кеңесі қоғам сенімін арттыру және судьялар корпусының оң имиджін қалыптастыру мақсатында судьяларды іріктеу мен тағайындау рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге, судьялардың тәуелсіздігіне кепілдік беруге және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған жүйелі жұмысын жалғастыруда.