Жоғары Сот Кеңесінде ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында судьялыққа кандидаттарды даярлау жүйесін дамытуды, сот білімі бағдарламаларын жетілдіруді, сондай-ақ сараптамалық тәжірибе алмасуды қоса алғанда, өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары талқыланды.
Кездесуге Кеңес Аппаратының қызметкерлері мен ЕҚЫҰ сарапшылары қатысты Талқылау сындарлы және іскерлік жағдайда өтті.
Тараптар одан әрі ынтымақтастыққа және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.