Жоғары Сот Кеңесінде судьялар мен прокурорларды даярлайтын Түркия Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арнайы оқу орындарының өкілдерімен кездесу өтті

Жоғары Сот Кеңесінде судьялар мен прокурорларды даярлайтын Түркия Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арнайы оқу орындарының өкілдерімен кездесу өтті

Жоғары Сот Кеңесінде судьялар мен прокурорларды даярлайтын Түркия Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арнайы оқу орындарының өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шараға ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов, Кеңес мүшелері және оның аппараты, Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының Вице-ректоры Қанат Мусин, сондай-ақ Түркия Республикасы Сот төрелігі академиясының президенті Бекир Алтун, Әзірбайжан Республикасы Әділет академиясының проректоры Эльчин Абузер оғлы Халафов, Әзірбайжан Республикасы Бас прокуратурасының ғылыми-оқу орталығының бастығы Талыб Мамедгусейн оғлы Джафаров және басқалар қатысты.

Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов өз сөзінде түркі мемлекеттері арасындағы сот білімі мен ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Түркия Республикасы Сот төрелігі академиясының Президенті Бекир Алтун қазақстандық тарапқа жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, бейінді оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттырудың  маңыздылығын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар серіктестікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен білім беру жобаларын іске асыруға қызығушылықтарын растады.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы мен Әзірбайжан Республикасы Бас прокуратурасының ғылыми-оқу орталығы арасында сот төрелігі және кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының Вице-ректоры Қанат Мусин Меморандум судьяларды даярлауда, тағылымдамаларды ұйымдастыруда және бірлескен зерттеулер жүргізуде үздік тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әзірбайжан Республикасы Бас прокуратурасының ғылыми-оқу орталығының бастығы Талыб Мамедгусейн Оғлы Джафаров қол қойылған құжат екіжақты тиімді бастамаларды одан әрі іске асыру үшін берік негіз болатынын атап өтті.

Достық атмосферада қатысушылар кәсіби байланыстарды нығайтуға және құқық үстемдігінің игілігі үшін елдер арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға үміт білдірді.