Жоғары Сот Кеңесі
Меню
Страницы

Халықаралық онлайн-дөңгелек үстелі өтті

Халықаралық онлайн-дөңгелек үстелі өтті

25 қарашада Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстандағы БҰҰДБ-ның кеңсесі және Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Судья лауазымына үміткерлерді іріктеу, судьяны ілгерілету үшін оның жұмысын бағалау барысында заманауи цифрлық және HR-технологияларды пайдалану» тақырыбында халықаралық онлайн-дөңгелек үстел жиынын өткізді.

Форум жұмысын аша отырып, Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Талғат Донақов, аталған шара осымен үшінші жыл қатарынан Еуропа мен Азия, соның ішінде ТМД елдерінің (Франция, Ұлыбритания, Италия, Литва, Испания, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) Сот Кеңестері мен сот органдарының, халықаралық институттардың (ЕЫҰҚ, Еуропа Кеңесінің Венеция Комиссиясы, БҰҰДБ) өкілдерінің, құқық және заң, сондай-ақ HR-менеджмент сарапшыларының басын қосып отырғанын атап өтті.

Сөйтіп, бұл жыл сайынғы дөңгелек үстел судья лауазымына үміткерлерді іріктеу тәжірибесімен бөлісудің халықаралық диалог алаңына айналды деуге негіз бар.

Еуропа Кеңесі Венеция Комиссиясының Президенті Джанни Буккикио мырза, Ресей Федерациясының Судьялардың Жоғары біліктілік алқасының Төрағасы Н. Тимошин, Өзбекстан Республикасы Жоғары Судьялық Кеңесінің Төрағасы Х. Ёдгоров, Қырғыз Республикасы Судьяларды іріктеу кеңесінің Төрағасы Э. Барыктабасова, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш құттықтау сөздерін сөйледі.

Онлайн-форумның тақырыбы да биыл өте өзекті, себебі цифрлық коммуникациялық технологиялар бүгінде өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.

Атап айтсақ, Қазақстанда судья лауазымына үміткерлерді іріктеудің кейбір кезеңдері биыл алғаш рет қашықтықтан жүргізілді. Мысалы, талапкерлермен сұхбаттасу елімізде онлайн-форматқа көшірілді. Демек, шығындарды едәуір азайту мүмкін болды. Бұл туралы өз баяндамасында Қазақстанның Жоғары Сот Кеңеснің мүшесі Нұржан Жолдасбеков егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қоса, судьяларды кәсіби бағалау тақырыбында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссиясының хатшысы Н. Сисимбаева баяндама жасады.

Сонымен қатар, Ernst & Young Kazakhstan компаниясының өкілі «Судья лауазымдарына арналған құзыреттер шеңбері» тақырыбында баяндама жасады. Осы құзыреттер шеңбері судьяларды іріктеуді одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің тапсырысы бойынша әзірленді.

Шетелдік және халықаралық сарапшылар және Сот Кеңестері мен сот органдарының өкілдері өз кезегінде пандемия жағдайында жұмысына жаңа форматтар енгізу тәжірибелерімен бөлісті.

Форумда Венеция Комиссиясының, ЕЫҰҚ сарапшылары, Францияның Ұлттық Магистратура Мектебі, Италия Республикасы Жоғары Магистратура Кеңесі, Ресейдің Судьялар Жоғары біліктілік кеңесі, Өзбекстанның Жоғары Судьялар Кеңесі, Испанияның Судьялар Мектебі, Қырғыз Республикасының Судьяларды іріктеу кеңесі, Тәжікстанның Жоғарғы Соты жанындағы Судьяларды оқыту орталығы және «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің өкілдері баяндама жасады.

Онлайн-дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Социальные медиа
Страница на Facebook
Канал на Youtube
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты