Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Компьютерлік тестілеуді тапсыру туралы ақпарат

Біліктілік емтиханын тапсыру рәсіміне:

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін компьютерлік тестілеу;
жазбаша эссе;
сот практикасынан жағдайларды модельдейтін есептерді шешу (кейстегі есептерді шешу) негізінде үміткердің меңгерген білімін практикада қолдану қабілетін тексеру;
психологиялық тестілеу;
Комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу кіреді.

Біліктілік емтиханын тапсыру кезеңдерінде үміткерлермен емтихан тапсыру ережесі туралы ақпаратпен таныстыруды қамтитын нұсқау беруді жүргізеді.

Арнайы тексеріс нәтижелерінің теріс қорытындыларын алған кандидаттар Біліктілік емтиханның кез келген кезеңнен шеттетіледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін компьютерлік тестілеу, жазбаша эссе, психологиялық тестілеу мен Комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу кезінде оқу құралдарын, арнайы әдебиетті, ұялы телефондарды және басқа да көмекші материалдар мен құралдарды емтихан өткізілетін дәрісханаға кіргізу, қолдануға рұқсат етілмейді.

Сот практикасынан жағдайларды модельдейтін есептерді шешу кезінде Кеңес аппаратымен электронды түрде берген арнайы әдебиетті қолдануға болады.

Біліктілік емтиханның әрбір кезеңінде үміткердің басқаға көмек көрсетуге рұқсат етілмейді.

Мұндай фактілер анықталған жағдайда Біліктілік комиссиясының төрағасы үміткерді емтиханнан босатады. Бұл жағдайда үміткер біліктілік емтиханын тапсыру үшін алты ай өткеннен кейін құжаттар ұсынуға құқылы.

Компьютерлік тестілеу құқықтың 9 саласын қамтитын, оның ішінде 7 өтуге міндетті және кандидаттың таңдауы бойынша айқындалатын 2 қосымша саланы қамтитын 100 сұрақтан тұрады.

Өтуге міндетті құқық салаларына:

Конституциялық құқық;
Әкімшілік-деликтік құқық және процесс;
Әкімшілік рәсімдік-процесстік құқық;
Азаматтық құқық;
Азаматтық процестік құқық;
Қылмыстық құқық;
Қылмыстық-процестік құқық жатады.

Қосымша құқтықтық салаларына (кандидаттың таңдауы бойынша):

Салық салу («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қосады);
Жер қойнауын пайдалану (Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қосады);
Зияткерлік меншік («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Патент Заңын қосады);
Корпоративтік құқық («Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Бағалы қағаздар нарығы» туралы Қазақстан Республикасының Заңын қосады);
Отбасылық құқық («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қосады);
Еңбек құқығы (Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қосады).

Компьютерлік тестілеуді өтуге 90 минут беріледі, оның соңында тестілеу автоматты түрде жабылады.

Компьютерлік тестілеуден өткен тұлғаларға заңнаманы білуіне компьютерлік тестілеуді тапсыру нәтижелері туралы анықтама беріледі.

75 және одан да көп дұрыс жауап алған адамдар заңнаманы білу үшін компьютерлік тестілеуден өткен болып саналады.

Біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат берілген және Комиссия отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етілген тұлғалар ол өткенге дейін Комиссияға дәлелді себептерді көрсете отырып, емтихан тапсыру мерзімін ауыстыру туралы өтініш ұсына алады.

Дәлелді себептерге мыналар жатады:

1) біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат берілген адамның науқастануы, баласының науқастануы (емдеу мекемелерінің құжаттарымен, анықтамаларымен расталған кенеттен науқастануы. Балаларының ұзақ және созылмалы сипаттағы аурулары дәлелді себептерге жатпайды);
2) қайтыс болуы туралы куәлікпен расталған жақын туысының қайтыс болуы, оларға Қазақстан Республикасы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген адамдар жатады (жерлеу және өзге рәсімдерді өткізу үшін бір күннен жеті күнге дейінгі кезеңге);
3) біліктілік емтиханын тапсыруға келуге кедергі келтірген форс-мажор жағдайлары (ішкі істер органдарының немесе метеорологиялық қызметтердің анықтамаларымен расталған ауа-райы жағдайлары, әуежайлар, теміржол және автовокзалдар қызметтерінің анықтамалары);
4) аттестаттау, іссапар (бұйрықтар көшірмелері);
5) сот отырысына тарап, куә, үшінші тұлға ретінде қатысу (сот отырысына шақыру қағаздарының көшірмелері). Сот отырысына қорғаушы немесе сотта мемлекеттің мүддесін қорғайтын өкіл ретінде қатысу дәлелді себептерге жатпайды.

Біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат етілген, емтихан тапсыруға дәлелді себептерсіз келмеген және емтихан мерзімін ауыстыру туралы өтініш білдірмеген тұлғаларға құжаттары кері қайтарылады және емтиханды қайта тапсыруға рұқсат оларға кем дегенде үш айдан кейін беріледі.

Бір біліктілік емтиханының шеңберінде оның кезеңдерінің бірін тапсыруға келмеген кандидатты дәлелді себеппен қайта жіберу бір рет мүмкін.

Дата публикации
26 августа 2022
Дата обновления
26 августа 2022
Тип

Сейчас читают

05 апреля 2024
Компьютерлік тестілеуді тапсыру туралы ақпарат
05 апреля 2024
Компьютерлік тестілеуге жіберілген адамдардың тізімі
28 февраля 2024
Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің отырыстарын және облыстық және оларға теңестірілген соттардың жалпы отырыстарын өткізу туралы ақпарат

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары