Жоғары Сот Кеңесі

Меню

Страницы

Статья

Бұрын судья қызметін атқарған адамдар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбесі

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:
бұрын судья қызметін атқарған кандидаттар үшін

№

Құжат

Ескертпе

  1.  

Өтініш (үміткердің сауалнамасы)

Осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес толтырылады.

Сауалнаманың электрондық нұсқасы (Word форматында 3х4 фотосуретпен, хаттың тақырыбында үміткердің ТАӘ қоса) Кеңестің konkurs@vss.gov.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.

Кеңеске үміткердің қолы қойылған қағазға басылған сауалнама тапсырылады.

  1.  

Қолданыстағы жеке куәліктің көшірмесі

 

  1.  

Дипломның көшірмесі
арнаулы орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және оған қосымша туралы

Нотариалды куәландырылады

  1.  

Өзекті еңбек кітапшасының көшірмесі (ол болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген еңбек қызметін растайтын құжаттар)

Жұмыс орны бойынша нотариалды немесе кадр қызметімен куәландырылған еңбек кітапшасының күні көрсетілген көшірмесі ұсынылады.

Еңбек кітапшасында соңғы немесе ағымдағы жұмыс орны көрсетілуі керек.

Жұмысы туралы мәліметтер еңбек кітапшасына енгізілмейтін немесе толық емес көлемде енгізілетін қызметкерлер үшін (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері), оның ішінде бұрынғы қызметкерлер үшін еңбек кітапшасының көшірмесінен басқа, тиісті кадр қызметінің басшысы растаған қызметтік тізімнің көшірмесін немесе кадр қызметі растаған нақты лауазымдары көрсетілген анықтаманы ұсыну қажет.

Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан босатылған жағдайда адамдар жұмыстан босату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер ұсынады.

  1.  

Белгіленген үлгідегі денсаулық туралы анықтама

№ 075/у

  1.  

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтамалар

Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген.

  1.  

Жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы

Өткізу кестесі конкурс жарияланғаннан кейін Кеңестің сайтында жарияланады.

Қорытынды берілген сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.

Бұрын судьялық лауазымды атқарған адамдар судья лауазымындағы соңғы жұмыс орны бойынша қорытындысын алады.

  1.  

Жұмыс орны бойынша облыстық немесе оған теңестірілген облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы

Бұрын судьялық лауазымды атқарған адамдар судья лауазымындағы соңғы жұмыс орны бойынша қорытындысын алады..

Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

  1.  

Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысы

Қорытынды берілген күннен бастап бір жыл мерзімге жарамды.

  1.  

Жұмыс көрсеткіштері туралы анықтама

Соңғы толық үш жыл ішінде судья болған кездегі мәліметтер ұсынылады. Үміткер әлеуметтік демалыста, сондай-ақ объективті себептер болған жағдайда нақты судья қызметін атқарған үш жылдары бойынша мәліметтерді ұсынылады.

Жұмыс көрсеткіштері мен аталған анықтамаларға тиісті облыстық және оларға теңестірілген соттың төрағасының, кассациялық соттың төрағасының қолы, күні қойылып, осы соттың мөрімен бекітілуі тиіс.

Істерді есепке алу белгілі бір күнтізбелік жыл бойынша олардың келіп түсуіне қарай жүргізіледі, бұл ретте сот актісінің күшін жою немесе өзгерту оның келіп түскен жылына жатқызылады.

Судьяның күші жойылған және (немесе) өзгертілген актілері болған жағдайда, жұмыс көрсеткіштері туралы анықтамада әрбір жыл бойынша олардың санынан басқа, күшін жоюдың (өзгерістер енгізудің) себептері туралы ақпарат, сондай-ақ мынадай сот актілерінің саны міндетті түрде көрсетіле отырып беріледі:

- жоғары тұрған  сатымен қалпына келтірген;

- судья алқалы қарау кезінде өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде баяндаған, күші жойылған немесе өзгертілген;

- сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге заңнамадағы өзгерістер негіз болған;

- жоғары тұрған сот сатысында талап қоюды тануға немесе талап қоюдан бас тартуға байланысты;

- жоғары тұрған сот сатысында дауды реттеу туралы келісім жасасуға немесе жәбірленушімен татуласуға байланысты;

- сот практикасының өзгеруіне байланысты.

Судьяның жұмыс көрсеткіштері туралы ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы мен олар үшін жауапкершілікті тиісті облыстық және оларға теңестірілген соттың төрағасы, кассациялық соттың төрағасы жауапты.

Кандидаттың әрекеттеріне қатысты шағымдар, жоғары тұрған сот сатыларының ескерту хаттары келіп түскен жағдайда, шағымдар мен ескерту хаттарды тікелей жіберу қажет, сондай-ақ тиісті анықтамада әрбір өтініш бойынша оның мән-жайы мен қаралу нәтижесі (өтініш авторларының уәждері расталғаны туралы міндетті түрде көрсетіле отырып), Жоғары Сот Кеңесі Регламентінің 3-1-қосымшаға сәйкес ескерту хаттарды қарау нәтижелері егжей-тегжейлі көрсетілуге тиіс.

  1.  

1) Тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы;

2) судьяға қатысты  келіп түскен шағымдар туралы;

3) жоғары тұрған сот сатыларының ескертпе-хаттары туралы;

4) облыстық және оларға теңестірілген соттардың жалпы отырыстарында талқылаулар туралы мәліметтер: қысқаша мазмұны, қарау нәтижелері және қабылданған шаралар

Дата публикации
02 октября 2026
Дата обновления
02 октября 2026
Тип

Сейчас читают

02 октября 2026
Бос орындар тізімі
02 октября 2026
Жұмыс істейтін судьялар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбес
02 октября 2026
Бұрын судья қызметін атқарған адамдар үшін конкурсқа қатысу үшін талап етілетін құжаттардың тізбесі

Социальные медиа

Страница на Facebook
Канал на Youtube

Меню подвал

Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері