2021 жылдың 25 наурызында Семей қаласында «Наурыз» мерекесіне арналған мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Дойбы «100» бойынша қалалық Чемпионат өтті.
Жарыстың мақсаты - мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт шеберлігі мен спортшылардың біліктілігін арттыру.
Жарысқа жалпы 3 мекемеден: «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушылары, «№3 арнайы мектеп интернаты», «ШҚО Семей қаласының «Шамшырақ» зағип және нашар көретін азаматтар клубы» КМҚК 6 ойыншы қатысты.
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушылары Трегубов В. және Әлімбеков Ж. - I орындарға ие болды. Барлық спортшылар жақсы ойын көрсетіп, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі