«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы аумағында жер қатынастары саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарма келесі міндеттерді жүзеге асырады:
1) жергілікті деңгейде жер қатынастары саласындағы мемлекеттің мүдделерін қорғау;
2) жер ресурстарын пайдалану және қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
3) облыстың экономикалық дамуы мақсатында жерді тиімді пайдалану үшін жағдай жасау.
Басқарманың негізгі функциялары:
1) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыс жерлерінің балансын жасау;
2) облыс аумағында өткізілетін жер сауда-саттықтарын (конкурстарды, аукциондарды) талдау және жалпылау;
3) қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру және алып қою бойынша облыс әкімдігінің ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау.
Басқарманың құрылымына келесі бөлімдер кіреді:
- жерді есепке алу және пайдалануды мониторингі бөлімі;
- жер учаскелерін беру және алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау бөлімі.
Басқарма бөлімдері өз қызметін Шығыс Қазақстан әкімдігінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 30 қаулысымен бекітілген басқарманың ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
ШҚО жер қоры
Шығыс Қазақстан облысының аумағы 9785,9 мың га құрайды, оның ішінде: егістік – 647,3 мың га, тыңайған жерлер – 96,1 мың га, көпжылдық екпелер – 3 мың га, шабындықтар – 460,4 мың га, жайылымдар – 5 125,2 мың га.
Облыстың жер қоры келесі санаттармен ұсынылған:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 3551,3 мың га құрайды (егістік – 642,3 мың га, көпжылдық екпелер – 0,6 мың га, тыңайған жерлер – 41,4 мың га, шабындықтар – 278,7 мың га, жайылымдар – 2 465,8 мың га);
елді мекендер жері – 651,1 мың га;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 39,5 мың га;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер – 833,7 мың. га;
орман қорының жерлері – 2154,7 мың га;
су қорының жерлері – 488,5 мың га;
босалқы жерлер – 2067,1 мың га.
Облыс бойынша суармалы жерлердің ауданы 84,6 мың га құрайды, соның ішінде: егістік – 50,9 мың га, тыңайған жерлер – 29,9 мың га, шабындықтар – 0,8 мың га, жайылымдар – 2,7 мың га, өзге алқаптар – 0,3 мың га.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлер 64,5 мың га құрайды, оның ішінде: егістік – 50,8 мың га, тыңайған жерлер – 12,6 мың га, шабындықтар - 0,3 мың га, жайылымдар - 0,8 мың га.
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару
ҚР Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде 2022 жылдан бастап өңірде пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жүргізілген жұмыс барысында 2022 жылдан бастап мемлекет меншігіне 300 мың гектардан астам жер қайтарылды (2022 жылы – 100,6 мың га, 2023 жылы – 125,7 мың га).
2024 жылы ҚР АШМ берген қайтару жоспары 160 мың га құрады, 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекет меншігіне 117 мың га қайтарылды, оның ішінде:
- 67 мың га жер пайдаланушылардың өз жер учаскелерінен ерікті түрде бас тартуы есебінен;
- 35 мың га жалдау мерзімінің аяқталуы есебінен;
- 3,3 мың га жергілікті атқарушы органдардың бұзушылықтармен қабылданған шешімдерінің күшін жою есебінен;
- 2,4 мың га сот шешімі бойынша мәжбүрлеп алып қойылды;
- 9,3 мың га өзге жолдармен.
103,8 мың га немесе жалпы қайтару алаңының 89%-ы қалалар мен аудандар әкімдіктері жүргізген жұмыс есебінен қайтарылды, 13,2 мың га (11%) Шығыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаментімен қайтарылды.
Халықты жайылымдармен қамтамасыз ету
2024 жылы ауыл шаруашылығы жануарлары басының ұлғаюына байланысты халықтың жеке ауласында мал жаю үшін жайылымдарға қажеттілік 69,9 мың га құрады. Халықты жайылымдармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу нәтижесінде (ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту) қажеттілік толық көлемде жабылды.
2024 жылы «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлар (бұдан әрі – ЖБЖ) жергілікті бюджет қаражаты есебінен әзірленеді.
Облыс бойынша 108 ауылдық округ бойынша ЖБЖ әзірлеу талап етіледі, жұмыс құны 175,1 млн. теңгені құрайды.
Конкурстар мен аукциондар
ҚР Жер кодексінің 43-1, 48-баптарына сәйкес мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстар мен аукциондарда) жүзеге асырылады.
2024 жылы облыстың қалалары мен аудандарында мынадай жұмыстар жүргізілді:
- коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскелерін сату бойынша 40 аукцион өткізілді, онда 403,1 млн. теңге сомасына ауданы 27,7 га 117 жер учаскесі сатылды;
- ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін жер учаскелерін беру бойынша 24 конкурс өткізілді, жалпы ауданы 35,4 мың га 274 жер учаскесі берілді.
Жер учаскелерін беру бойынша аукциондар «Мемлекеттік тізілім» веб-порталында электрондық түрде өткізіледі.
Ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі конкурстар балл беру арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады. Егер қатысушылар бірдей балл жинаған жағдайда, жеңімпаз жер комиссиясы мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Шығыс Қазақстан бойынша жер қатынастары саласында барлығы 16040 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік органның кеңсесі арқылы – 1919, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы – 106, электрондық үкімет порталы арқылы – 14015. Жер қатынастары саласындағы негізгі қызметтер жерге орналастыру жобаларын бекіту, жер учаскесін алуға кезекке қою, республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу болып табылады.
Жер қатынастары басқармасы 2024 жылы 43 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:.
- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» бойынша 10 мемлекеттік қызмет;
- «Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» бойынша 17 мемлекеттік қызмет;
- «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» бойынша 12 мемлекеттік қызмет;
- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» бойынша 4 мемлекеттік қызмет.
Құзыреті бойынша емес өтініштердің келіп түсуі, ескертулердің болуы немесе құжаттар топтамасының толық болмауы себебінен бас 22 мемлекеттік қызметті көрсетуден тартылды.
Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру
2023-2024 жылдарға арналған облыстық жер комиссиясының құрамы, ШҚ облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 7/58-VIII шешімімен бекітілген.
2024 жылы Басқарма дайындаған материалдар бойынша облыс әкімдігінің ауданы 340,9 га 25 жер учаскесіне жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелеріне құқық беру туралы 21 қаулысы қабылданды. Берілген учаскелерге 25 жалдау шарты жасасылды.
Облыстық жер комиссиясының 8 отырысы өткізілді, онда 18 материал қаралды, оның 17-сі бойынша жер пайдалану құқығын беру мүмкіндігі туралы шешім қабылданды, 1-еуі бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес бас тартылды.
Облыстық жер комиссиясының 2024-2025 жылдарға арналған қолданыстағы құрамы ШҚ облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 19/150-VIII шешімімен бекітілген.
ШҚО өңірлік геоақпараттық жүйесі (геопортал)
2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасымен ШҚО геопорталы құрылды (www.vkomap.kz).
2023 жылы ШҚО геопорталы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген болатын.
Бүгінгі күні геопорталда жер учаскелерін, инженерлік желілерді, бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, су қорғау аймақтары мен белдеулерін, санитарлық-қорғау аймақтарын, қызыл сызықтарды, функционалдық аймақтарды, ғимараттар мен құрылыстардың контурларын, гидрография объектілерін көрсететін карталардың қабаттары, жер учаскелерінің кадастрлық бағалау құнын, жер салығы мен жалдау ақысының құнын анықтамалық режимде есептеуге мүмкіндік беретін жер учаскелерін онлайн бағалау модулі орналастырылған.
Геопортал «Қазгидромет» РМК деректер базасымен Өскемен қаласында онлайн режимде атмосфералық ауа жай-күйінің деректері бойынша интеграцияланған. Рұқсат етілмеген және стихиялық қоқыс орындары бойынша Экология департаментінің деректері, сібір жарасы көмінділері мен мал қорымдарын орналастыру жөніндегі деректер орналастырылған, қылмыс және авария картасы бойынша деректермен интеграция жүзеге асырылды.
Smart Bridge порталы арқылы Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жүйесімен (бұдан әрі – ЖМБМК) интеграция аяқталды, ЖМБМК мен Шығыс Қазақстан облысының геопорталы арасында деректерді интеграциялық алмасу үшін сервистер әзірленді.
Геопорталдың көмегімен аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскелерін берудің жаңа тәртібі іске асырылды.
Жер учаскелерін берудің жаңа тәртібі республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде ғана қолданылады. Қалған аумақтарда, қалалар шегінен тыс жерлерде және ауылдық аумақтарда жер учаскелерін берудің ескі тәртібі қолданылады. Бүгінгі таңда 4477 өтініш қабылданды, бас жоспарларға сәйкес келмеуіне және қажетті құжаттардың болмауына байланысты бас тартылды – 2648, аяқталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – 1229.
Мемлекет мұқтажы үшін жерді алып қою
Облыстың 4 өңірінде мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару жұмыстары жүргізілуде.
Зайсан ауданы бойынша 2024 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында қайта жаңартылатын «Майқапшағай» өткізу пункті үшін қажетті «AlatauDutyFree» ЖШС-дан жер учаскесін алып қою бойынша жұмыс жүргізілді.
Алтай ауданы бойынша ауданы 13,603 га «Арбат» жаяу жүргіншілер демалыс аймағының жобаланған шекарасына иеліктен шығаруға жататын Жаңа Бұқтырма кентінің бау-бақша алқаптарында орналасқан жалпы ауданы 12,0038 га 103 жер учаскесі кірді.
Қазіргі уақытта 100 жер учаскесі иеліктен шығару рәсімі бойынша мемлекеттік меншікке берілді, 3 жер учаскесі бойынша келісу рәсімдері жүргізілуде.
Шемонаиха ауданы бойынша Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараға іргелес ені жүз метр шекара белдеуінің шегіне кіретін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары жүргізілуде.
Ауданы 501,4 га 38 жер учаскесі иеліктен шығаруға жатады, оның ішінде: 35 жер учаскесі бойынша иеліктен шығару рәсімі аяқталды, 3 жер учаскесі бойынша мұрасы қабылданбаған қайтыс болған азаматтардың шаруа қожалықтары құрамында болуына байланысты иеліктен шығару аяқталған жоқ.
Өскемен қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «27943 әскери бөлімі» РММ оқ-дәрілерді сақтау объектісінің тыйым салынған аймағы мен тыйым салынған ауданының шекараларында орналасқан жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілуде.
7 жер учаскесі (учаскелердің бөліктері) алып қоюға жатады, оның ішінде 5 жер учаскесі бойынша иеліктен шығару рәсімі аяқталды, 2 жер учаскесі бойынша келісу рәсімдері аяқталған жоқ.