Бүгінгі таңда цифрландыру қызметтің барлық дерлік салаларын қамтиды және жер қатынастары да бұдан тыс емес. Жаңа технологияларды енгізудің арқасында жер ресурстарын басқару ашық, тиімді және қолжетімді бола түсуде. Жер қатынастары саласындағы цифрландырудың үш негізгі бағыты бар: аумақтарды цифрландыру, электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету, жер заңнамасын сақтау.
Жер қатынастары саласындағы цифрландырудың негізгі аспектілерінің бірі аумақтарды толық цифрландыру болып табылады. Шығыс Қазақстан облысында геопортал құрылды, ол www.vkomap.kz сілтемесі бойынша ашық қолжетімділікте тұр. Геопортал базасында топографиялық карталарды пайдалана отырып, Өскемен қаласы, аудан орталықтары, аудандық маңызы бар қалалар, негізгі елді мекендер және туристік орындар бойынша жер учаскелері мен инженерлік коммуникациялардың электрондық карталары әзірленді. Табиғи монополиялар субъектілері үшін инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар алу бойынша интерфейстер әзірленді.
Жер қатынастары саласындағы цифрландырудың тағы бір қадамы – бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру. Қазіргі сәтте қызметтердің көпшілігі «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта беріледі. Қызметтер пайдаланушыларға ғаламтор арқылы әлемнің кез келген нүктесінен қол жетімді, бұл азаматтар мен ұйымдардың уақыты мен ресурстарын үнемдейді. Құжаттарды электрондық беру өтініштерді өңдеу мерзімдерін қысқартады және мемлекеттік органдарда жеке қатысу қажеттілігін болдырмайды.
Жер ресурстарын басқаруда ғарыштық мониторинг маңызды рөл атқарады. Қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталады. Анықталған учаскелер бойынша мемлекеттік бақылау жүргізіледі және анықталған бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылданады.
Жер қатынастары саласындағы цифрландыру – Жер ресурстарын басқарудың неғұрлым ашық және тиімді жүйесін құруға жасалған маңызды қадам. Жер учаскелерін цифрландыру, электрондық форматта қызмет көрсету және ғарыштық мониторингті пайдалану процестерді жеңілдетуге, бақылауды жақсартуға және жер ресурстарына тең қол жеткізуге мүмкіндік береді. Цифрлық технологияларды одан әрі енгізу жер ресурстарын басқаруды одан әрі жақсартуға, сыбайлас жемқорлықты азайтуға және жер қатынастарының ашықтығын арттыруға ықпал ететін болады.