ШҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Глубокое ауданы Опытное поле ауылының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті

ШҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы Глубокое ауданы Опытное поле ауылының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті

Ағымдағы жылы 13 наурызда Шығыс Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Глубокое ауданы Опытное поле ауылының 50-ден астам тұрғындарына құқықтық көмек көрсетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасының мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарда туындаған құқықтық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

Акцияны Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұйымдастырды.

Кеңесшілер түрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына қосылған заңгерлер болды.

Олар азаматтар жүгінген жеке мәселелері мен даулары бойынша толыққанды заң көмегін көрсетті.

Азаматтар көбінесе жалпыға бірдей декларациялауға қатысты және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты мәселелерімен жүгінді.

Осыған байланысты, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Гүлмира Сабралимова жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаттары мен міндеттерін жиналған қауымға түсіндіріп, декларацияның кезеңдері мен талаптарымен таныстырды:

«Қазақстандықтар 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялауға көшеді. Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру, жеке тұлғалардың табысын бақылаудың тиімді тетігін құру болып табылады», - деп атап өтті ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері.

Естеріңізге сала кетейік, егер Сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы білсеңіз, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына жүгіне аласыз