Қандастарға жер учаскелерiн беру

Қандастарға жер учаскелерiн беру

Қандастарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ шаруашылығы және саяжай құрылысы үшін жер учаскелерін беру уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

Берiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейiн Жер Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда олардың жеке меншiгiне өтедi.

Қандастарға берiлетiн жер учаскелерiне Жер Кодекстiң 48-бабының нормалары қолданылмайды.