Халықты жайылымдармен қамтамасыз ету

Халықты жайылымдармен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес елді мекендер шегіндегі жайылым алқаптары ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын күтіп-бағу жөніндегі жергілікті халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін пайдаланылады. Көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жалпы жайылым алаңында шекті рұқсат етілген жүктеме сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Жайылымдардың жалпы алаңына ауыл шаруашылығы жануарлары жүктемесінің жол берілетін шекті нормалары асып кеткен кезде жайылымдар Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес беріледі.

Елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларының басы Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес шалғайдағы жайылымдарға ауыстырылады.

Елді мекендердің шегінен тыс жайылымдық жерлер 5 жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану (жалдау) құқығымен беріледі.

Халыққа жайылымдық алқаптарды беру «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жүзеге асырылады.

Бес жылдық жалдау мерзімі аяқталған кезде жер пайдаланушы пайдаланылатын жер учаскесін жаңа мерзімге алуға құқылы, бұл ретте жалдау мерзімі аяқталғанға дейін бұрын берілген жер учаскесін пайдалану ниеті туралы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қажет.