Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау және мемлекет меншігіне қайтару

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау және мемлекет меншігіне қайтару

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді

анықтау және мемлекет меншігіне қайтару

2022 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырды.

Осылайша, 2022 жылы облыс бойынша мемлекеттік меншікке 100,6 мың га қайтарылды. Бүгінгі күні өткен жылы қайтарылған жерлердің 8,1 мың га ауыл шаруашылығы айналымына тартылды, оның ішінде 5,3 мың га халыққа мал жаю үшін берілді, 2,7 мың га агроқұрылымдарға конкурстық негізде берілді.

2023 жылға ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспары 120 мың га құрайды. Бүгінгі таңда қайтарылған жер көлемі 18,6 мың га құрайды.

Ағымдағы жылы барлығы 508,8 мың га пайдаланылмайтын жер анықталды. Жер пайдаланушыларға «Инспектор кабинеті» сервисі арқылы орындау мерзімі 1 жыл болатын жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберілді.  Көрсетілген жерлерді сот тәртібімен мәжбүрлеп алып қоюды Жер ресурстарын басқару департаменті бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізгеннен кейін 2025 жылға дейін жүзеге асыратын болады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау және мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда.

ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы                                                                       

Н. Михейлис