Халықты жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету туралы

Халықты жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету туралы

Халықты жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету туралы

 Шығыс Қазақстан облысының аумағында барлығы 5,1 млн. га жайылымдық алқаптар бар, оның ішінде ауыл шаруашылығын жүргізу үшін агроқұрылымдарға 2,3 млн. га (45,1%) берілген, елді мекендердің аумағында 0,6 млн. га (11,8%), босалқы жерлер 1,7 млн. га (33,3%), жердің өзге де санаттарында 0,5 млн. га (9,8 %).

Жыл басында халықтың ауыл шаруашылығы жануарларының саны 636,8 мың басты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,3 мың басқа (104%) артық.

Мал басының өсуіне байланысты халықтың жеке ауласында мал жаю үшін жайылымдарға қажеттілік артты. Биылғы жылы жайылымдардың тапшылығы 78,6 мың га құрады.

Халықты жайылымдармен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ағымдағы жылы мынадай іс-шаралар жоспарланды:

- 44,1 мың га пайдаланылмайтын жайылымдар агроқұрылымдарынан алынып қойылады (Зайсан ауданы, Самар ауданы, Тарбағатай ауданы, Ұлан ауданы);

- 17,6 мың га жайылым 6 елді мекеннің шегіне қосымша енгізілетін болады (Самар ауданы, Ұлан ауданы);

- 15,7 мың га алаңда орман қоры жерлерінде жайылым ұйымдастырылды (Ұлан ауданы);

- 1,2 мың га өнімділігі төмен егістікті жайылымға ауыстыру жоспарлануда (Ұлан ауданы).

Бүгінгі таңда 25,3 мың га бойынша келесі шаралар қабылданды: мемлекет меншігіне 9 мың га жайылым қайтарылды (Зайсан ауданы, Самар ауданы, Тарбағатай ауданы, Ұлан ауданы), орман қоры жерлерінде 15,7 мың га алаңда жайылым ұйымдастырылды (Ұлан ауданы), 0,6 мың га өнімділігі төмен егістік жайылымға ауыстырылды (Ұлан ауданы).

53,3 мың га алаңда халықты жайылымдармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.

«Жайылымдар туралы» ҚР Заңында жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларды әзірлеу және бекіту көзделген. Жоспарларға сәйкес халық қоғамдық жайылымдарда мал жаюды жүзеге асырады, бұдан басқа Жоспарларда суару және жайылым орындарына айдау орындары, оларды ұтымды пайдалану үшін жайылым айналымы көзделген.

Жеке ауладағы малды жаю үшін жер учаскелерін беру «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде Е-Gov порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады. Жайылымдар жер учаскесі тиісінше пайдаланылған жағдайда одан әрі ұзартумен      1 басына шаққандағы жайылым жүктемесінің нормасын ескере отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге жалға беріледі.

ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы                                                                                  Н. Михейлис