Халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету

Халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету

Халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету

 Жеке ауласында ауыл шаруашылығы жануарлары бар Қазақстан Республикасы азаматтарының сауда-саттықтан тыс жер учаскесін алуға құқығы бар.

Халықтың мұқтажы үшін жайылымдар беру мәселелерін шешу мақсатында «Жайылымдар туралы» ҚР Заңы шеңберінде әкімдіктер Жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларды әзірлейді және бекітеді, олар халықтың мал жаюын қамтамасыз ету үшін жайылымдардың бос учаскелерін қайта бөлуге бағытталған.

«Жайылымдар туралы» ҚР Заңына сәйкес елді мекендерде орналасқан жайылымдар ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын күтіп-бағу бойынша жергілікті халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі.

Елді мекендерде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларының қалған саны Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес шалғайдағы жайылымдарға ауыстырылады.

Жергілікті атқарушы органдар агроқұрылымдардағы пайдаланылмай жатқан жерлерді одан әрі халыққа бөлу үшін қайтару бойынша жұмыс жүргізуде. Тек ағымдағы жылы мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерден халыққа 5,4 мың га жер берілді.

Жайылымдарды ұтымды пайдалану да назардан тыс қалмауы керек. Жайылымдарды дұрыс пайдаланбау топырақтың сарқылуына, құнарлылықтың төмендеуіне және жайылым сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Мал жаю нормативтерін сақтау – жайылымдарды ұтымды пайдаланудың негізгі мәні. Жайылымдардың мөлшерін, жануарлардың санын және жайылымда болған уақытты ескеру қажет. Жайылымның жеткіліксіз немесе шамадан тыс болуы жайылым сапасының нашарлауына және топырақтың сарқылуына әкелуі мүмкін.

Қорытындылай келе, жерді ұтымды пайдалану жайылымдардың сапасын сақтап қана қоймай, жалпы мал шаруашылығының өнімділігін, тиімділігін және дамуын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді.