ШҚО Жер қатынастарының даму тарихы

ШҚО Жер қатынастарының даму тарихы

ШҚО Жер қатынастарының даму тарихы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес наурыздың әрбір екінші сенбісінде Қазақстан Республикасының жерге орналастыру, геодезия және картография күні атап өтіледі.

Қазақстан Республикасында 1991 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан жер реформасы нарықтық қатынастарға барабар жаңа жер жүйесін құруға бағытталған. Мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыруға сәйкес Қазақстан Республикасында жер реформасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Бастапқы кезеңде  (1991-1993 жж.) жер реформасын құқықтық сүйемелдеу қабылданған заңнамалық актілермен: Қазақ КСР-нің Жер кодексі (1991 ж. қаңтар), «ҚР Жер реформасы туралы» (1991 ж. маусым), «Жер салығы туралы» (1991 ж. желтоқсан) қамтамасыз етілді. Жер реформасының бірінші кезеңінің ерекшелігі ауыл тұрғындарының (кәсіпорындардың, әлеуметтік саланың қызметкерлері, зейнеткерлер) еңбек қатысуы мен қызмет саласына байланысты бұрынғы совхоздар мен колхоздардың жер меншігін жер үлесіне бөлу тетігін қолдану болды. Жерді қайта бөлу нәтижесінде шартты жер үлесіне құқық туралы куәлік берілген 2,3 млн жер үлесінің меншік иелері пайда болды.

1994-1995 жж. кезеңі жер пайдалану құқығын сатуға мораторийді жойған ҚР Президентінің «Жер қатынастарын реттеудің кейбір мәселелері туралы» (1994 ж. қаңтар), «Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы» (1994 ж. сәуір), «Жер туралы» Жарлықтарының шығуымен сипатталды; өзіндік қосалқы шаруашылықтан басқа ауыл шаруашылығы мақсатындағы барлық жерлер шаруашылық жүргізуші субъектілерге тұрақты пайдалану құқығында берілді. «Жер туралы» ҚР Заңы қабылданған соң (2001 ж. қаңтар) тұрақты жер пайдалану құқығы және оның негізінде мәмілелер жасау құқығы жойылды. Жер қатынастарын дамытудың жаңа кезеңі 2003 жылғы 20 маусымда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын бекітіп, жер қатынастарын реттеу нормаларын белгілеген ҚР Жер кодексінің қабылдануымен байланысты. Жер қатынастарына жер меншігі мен жерді пайдалану құқығының әртүрлі нысандары бар кәсіпорындар қатысты.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді меншік құқығымен иеленуге тыйым салынған.

Шығыс Қазақстан облысында жер қатынастарын дамытудың негізін қалаушылардың бірі-Владимир Васильевич Соловьев.

Владимир Васильевич өзінің еңбек жолын 1969 жылы «Қазгипрозем» жобалау институтының Шығыс Қазақстан филиалында техник-жерге орналастырушы лауазымында бастады. 30 жыл ішінде ол техниктен Шығыс Қазақстан облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің төрағасына дейінгі еңбек жолын өтті. Қазіргі уақытта ол жерге орналастыру саласында әлі де жұмыс істеуде. Осы уақыт ішінде оның жанында Төлеген Құсманұлы Сәбитов, оның тұрақты орынбасары Мейрхан Әшімханұлы Әшімханов еңбек етті.

Жерге орналастыру саласындағы кадрлардың негізгі ұстаханасы «Қазгипрозем» жобалау институтының Шығыс Қазақстан филиалы болды. Содан кейін ол МемЖерҒӨО еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып өзгертілді. Көптеген жылдар бойы оны Владимир Федорович Душенко басқарды, Владимир Петрович Гладков ұзақ уақыт бойы оның орынбасары болып жұмыс істеді. Поляков Геннадий Дмитриевич, Вялов Алексей Васильевич, Бердюгин Александр Савельевич, Давыденко Владимир Павлович елеулі үлес қосқан бөлім басшылары. Жобалау институтында Топырақтану бөлімі және оның қызметкерлері Болжиров Мұхтархан Ұзақұлы, Құмарбеков Тілеубек Төлегенұлы, Савельченко Николай Анатольевич ерекше рөл атқарды.

Сарманов Дәулет Ғинаятұлы 1999 жылдан 2002 жылға дейін және 2006 жылдан 2015 жылға дейін «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» МемЖерҒӨО еншілес мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс істеді. Дәулет Ғинаятұлы МемЖерҒӨО-та еңбек жолын қарапайым инженер-жерге орналастырушыдан бастап, директордың бірінші орынбасары лауазымына дейін көтерілді.

2002-2006 жылдар аралығында және 2015-2018 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінде сектор меңгерушісі және басшының орынбасары болып жұмыс істеді.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып табылады.

Дәулет Ғинаятұлы Шығыс Қазақстан облысы геопорталының пайда болуы басында тұр.

ШҚО жер қатынастары басқармасы құрылған сәттен бастап бірінші басшылардың бірі Төлеубеков Қонысбай Қойшыбайұлы болды, одан әрі басқарманы Барсукова Виктория Александровна басқарды. Қазіргі уақытта ШҚО жер қатынастары басқармасын Михейлис Надежда Федоровна басқарады.